ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚУАТ БЕРСІН ДЕСЕК

Әлбетте, түлектер үшін де, олардың ата-аналры үшін де Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) рәсімі осынау маңызды сынаққа айналғаны бүгін емес. Сонау 2004 жылдан бері күні бүгінге дейін емтиханға бара-бар сынақ тапсыруға ниеттенген мектеп түлегі небәрі үш жарым сағат аралығында әрі жалпы орта білім курсын тәмамдайды һәм бақ пен бабы сәтімен сабақталып, оза шапса қалаған жоғары оқу орнына мемлекеттік білім алу гранты бойынша тегін оқуға мүмкіндік алады. Әрине, бұл сынақ әрбір қатысушы түлек үшін айтарлықтай психологиялық әзірліктің де осал болмауын талап етеді.

ҰБТ – өмірдің ағымдағы өтпелі бір кезеңі ғана екенін сезініп, оның нәтижелеріне саналы түсіністікпен қарау қажет. Ең бастысы мыналар жадыда жатталып, санада қатталуы керек: әр емтихан тапсырушы, оның нәтижелеріне қарамастан, өмірдегі ең маңызды ғылымды меңгереді емес пе? Бұл ғылым – қиын жағдайда жеңілмеу, толқуды жеңе біл ... Читать дальше »

Просмотров: 861 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 01/06/2015 | Комментарии (0)

ЛЕБЯЖІ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні күні кеше мерекеленіп өтсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалар хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Лебяжі өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.

Дүйсенов Қалы Дүйсенұлы 1922 жылы Лебяжі ауданы Қаракесек (қазіргі Қызылқоғам) ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1936 жылы Павлодар педагогикалық училищесіне түсіп, сол жылы Бесқарағай мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысы басталған кезде 805-атқыштар полкінде взвод командирі болып тағайындалды. 1946-1948 ж.ж. Лебяжі ауданы Қызыләскер орта мектебінің жанындағы интернаттың меңгерушісі, 1948-1951 ж.ж. осы мектепте әскери жетекші және зертханашы болып еңбек етті. 1951-1953 ж.ж. Тілектес орта мекте ... Читать дальше »

Просмотров: 757 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 01/06/2015 | Комментарии (0)

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

Өткен ғасырдың 30-50 ж.ж. Қазақстанның саяси-экономикалық һәм әлеуметтік-қоғамдық өмірі туралы, сондай-ақ осы тарихи кезеңнің халық жадында, ел тарихында алатын орны хақында, қоғамдық ой мен ғылымда идеологиялық диктат үстемдігі жайында білеміз. Біз бүгін тағы да да көптеген даңқты тұлғаларымыздың бақытын, өмірін қиған, тоталитарлық саясаттың сұрапыл террорын еске аламыз. Саяси қуғын-сүргін һәм қолдан жасалған ашаршылық – қазақ халқының «тауы шағылып, сағы сынан» өте күрделі, қарама-қайшылыққа толы азалы кезең.

Павлодар аймағынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың тізімінде 4000-нан астам адам болса, жазықсыз ату жазасына кесілгендер саны 810 адамды құрағанын тарихи деректер дәлелдеп отыр. Елбасы және Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев осынау нәубет кезең жайында былай дейді: «Өткенді еске алу бізге тек қана тоталитарлық тәртіптің құрбандарының алдында парызымызды өтеуге емес, болашақт ... Читать дальше »

Просмотров: 732 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 01/06/2015 | Комментарии (0)

 ҮКІЛІ ҮМІТ АРҚАЛАП

Күміс қоңыраудың сыңғырлаған жанғырығы әрбір адам өмірінде ерекше маңызға ие. Он екі мүшесі сау, сана-сезімі ояу адам мектеп табалдырығын тоздырған кезде қоңырау үнін сан мәрте естіген. Ал сол қоңырау біткеннің ішінде «Соңғы қоңыраудың» сыңғыры жадыда ешқашан ұмытылмас-ескірмес естеліктей мәңгіге қалады. Енді қайтып оралмас мектептегі қызықты да қызғылықты қимас сәттер көз алдында көлбейді. Бозбалалық-балалық тәтті мекенге шақырады.

Жылжып өтіп жатқан жылдың 25 мамырында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде оқу жылының аяқталуын паш еткен «Сыңғырла,соңғы қоңырау» салтанаты жүзеге асты. Мектеп спортзалына жиналған қауымның қарасында шек болмады. Мектеп түлектерінің жеке өмірге пырақтай бастауын тамашалауға келген туған-туысқандар да аз болмады.

Салтанатты шара барысында осымен қырық тоғызыншы болып мектеп табалдырығынан ұшқалы отырған түлектерді құттықтаған Лебяжі аудан ... Читать дальше »

Просмотров: 910 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 01/06/2015 | Комментарии (0)

ЛЕБЯЖІ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні күні кеше мерекеленіп өтсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалар хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Лебяжі өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.

Балағазинов Жагор (Молдахмет) Абдрахманұлы 1896 жылы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Бесқарағай ауданы Тюшкасовка ауылында дүниеге келді. Азамат соғысына, Ұлы Отан соғысына қатысушы. Майданда атты әскер қатарында болды. Соғыстан кейін Алтай өлкесіндегі М.И.Калинин атындағы трактор зауытының көмекші шаруашылығында малшы болып жұмыс істеді. 1963 жылы Жабағылы ауылына көшіп келді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің бірнеше мерейгерлік медалімен марапатталды.

Балқиянов Ерғазы Балқиянұлы 1922 жылы Лебяжі ауданы Қызылт ... Читать дальше »

Просмотров: 636 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 01/06/2015 | Комментарии (0)

 САНАНЫ АДАСТЫРАТЫН ДЕСТРУКТИВТІК КУЛЬТ

Айтудай-ақ айтылып жүрген, жазудай-ақ жазылып жүрген, көрудей-ақ көрсетіліп жүрген жалған діни, деструктивтік ұйым, теріс ағым ұғымдары аясындағы әңгіме күн тәртібінен түспей келеді. Өйткені бұлар қоғамдық-көпшілік арасында өшудің орнына маздаған шоқтай одан бетер өршу үстінде. Үрейлендіріп отырған соң да бұл аждаһаның алдын алу бойынша ұйымдастырылып отырған шаралар өте-мөте қажет. Күн тәртібінен түспей тұрғаны да сондықтан. Аса бір байыппен қарастыруды қажет ететін бұл мәселенің түйшектелген түйіні бірлік пен ынтымақтың үйлескен күш-жігері арқылы ғана шешілмек.

 Осындай мақсатпен Павлодардағы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі былтырғы бастаманың жалғасы ретінде биылғы жылдың 11-15 мамыр аралығында Лебяжі ауданына қарасты ауылдар тұрғындары үшін «Облыс тұрғындары арасында жат діни идеяларға қарсы имму ... Читать дальше »

Просмотров: 709 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 01/06/2015 | Комментарии (0)