11:47
31 мамыр – саяси-қуғын сүргін һәм ашаршылық құрбандарын еске алудың азалы күні

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

Өткен ғасырдың 30-50 ж.ж. Қазақстанның саяси-экономикалық һәм әлеуметтік-қоғамдық өмірі туралы, сондай-ақ осы тарихи кезеңнің халық жадында, ел тарихында алатын орны хақында, қоғамдық ой мен ғылымда идеологиялық диктат үстемдігі жайында білеміз. Біз бүгін тағы да да көптеген даңқты тұлғаларымыздың бақытын, өмірін қиған, тоталитарлық саясаттың сұрапыл террорын еске аламыз. Саяси қуғын-сүргін һәм қолдан жасалған ашаршылық – қазақ халқының «тауы шағылып, сағы сынан» өте күрделі, қарама-қайшылыққа толы азалы кезең.

Павлодар аймағынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың тізімінде 4000-нан астам адам болса, жазықсыз ату жазасына кесілгендер саны 810 адамды құрағанын тарихи деректер дәлелдеп отыр. Елбасы және Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев осынау нәубет кезең жайында былай дейді: «Өткенді еске алу бізге тек қана тоталитарлық тәртіптің құрбандарының алдында парызымызды өтеуге емес, болашақта қате жібермеуге қажет. Ұлы нәубет жылдары орны толмас апатқа ұшыраған тұтас бір халық тарихындағы азалы ақиқат бұл. Мұны кейінгі ұрпақ ұмыт қалдыруға тиіс емес. Халықтың санасында жазықсыз миллиондаған адамның өмірін қиған зұлым кезең мәңгілік сақталады».    

Әр жылдың мамыр айының соңғы күнінде саяси-қуғын сүргін һәм ашаршылық құрбандарын аза тұтып еске алады қазақ елі. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегендей биыл да осы дәстүр өз жүрісінен жаңылмады. 2013 жылдың 31 мамырында Бесқарағай ауылына қарасты Байқадам атты жерде орнатылған, 1930-1932 ж.ж. аштық құрбандары рухына тұрғызылған Белгі тас маңына Лебяжі аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Т.Макин, Лебяжі аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Ж.Мұхаметалин, аудан орталығынан келген зейнеткер Т.Қалиев, Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Ж.Байтілеуова, ардагер ұстаз, зейнеткер Д.Ақатаев  және басқа да ауыл азаматтары тағзым ете жиналды.

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты шара барысында аштық құрбандары рухына Құран оқылды, бір минөттік үнсіздікпен жазықсыз құрбандарды еске алды, Белгі тасқа гүл шоқтарын тағзым ете қойды. Сөз алған аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Төлеубай Қайыртанұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұмабай Аманқұлұлы еліміздің аталмыш күнді аза тұту һәм еске алу түрінде өткізуінің маңызды қоғамдық-тарихи салмағын ерекше атап өтті. Ал еңбек ардагері әрі ауыл тұрғыны, қызыл тілді шешендігімен дараланатын Думаш Сүлейменұлы, Тоқтар аға өз кезегінде ел басына қара бұлттай төнген саяси қуғын-сүргін һәм алапат ашаршылық кезінде опат болған қандастарымыз жайлы статистикалық мәліметтерге тоқталды, танымдық мақсатпен басқа да тарихи деректерді қозғады.

Өткенге құрмет – бүгіннен ізет.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 733 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: