ТҮЛЕКТЕР ТҮЛЕДІ

«Соңғы қоңыраудың» сыңғырлай соғылып, оқу жылы аяқталысымен, мектептерде негізгі және жалпы орта білім курсын тәмамдау бойынша мемлекеттік емтихандар бекітілген кесте ретінше өткізілді. Биылғы жылдың 30 мамырынан басталған сынақтар маусым айының ортасынан ауып барып мәресіне жетті.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жеті оқушы 9-сыныпты тәмамдап, негізгі орта білім туралы куәліктерге қол жеткізді. Оның ішінде Аубакирова Айгерім тоғыз жыл бойы кілең «бестік» бағаға оқып, ерекше үлгідегі үздік қызыл түсті куәлікке ие болды. Демек, енді екі жылдан соң «Алтын белгіге» тағы бір үмітіміз бар деген сөз. Сонымен бірге үш оқушының куәлігінде тек қана «бестік» және «төрттік» бағалар ғана бар.

Негізгі орта білім туралы құжаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімінде оқушылардың әжелері қазақы дәстүр бойынша тәттіден шашу шашып, немерелеріне ақ жол тілед ... Читать дальше »

Просмотров: 676 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/06/2015 | Комментарии (0)

 ЛЕБЯЖІ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні күні кеше мерекеленіп өтсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалар хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Лебяжі өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.

Канашев Қалияр Қанашұлы 1916 жылы Лебяжі ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Әскер қатарына 1939 жылы алынып, 1941 жылы 310-атқыштар дивизиясында жаяу әскер қатарында жауынгер болды. Ленинград үшін күрес майданына қатысып, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Мергендік қозғалысын көрсеткен Г.К.Жуков басқарған майданға қатысып, бірінші болып Берлинге кіргендердің бірі болды. 1945 жылы Жеңіс күнін Берлинде қарсы алып, қаланы фашис басқыншыларынан азат етіп, 1946 жылы елге оралды. Б ... Читать дальше »

Просмотров: 727 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/06/2015 | Комментарии (0)

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ БАСТАМАЛАРЫ

Елімізде жүргізіліп жатқан тың және соны бастамалар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын оңтайландыруға бағытталып отыр. Кезінде қолға алынған ауыл әкімдерін сайлау өз жемісін және де беріп отыр. Енді ірілі-шағын ауылды елді мекендерде жергілікті қоғамдастық құру пилоттық жобасы қолға алынуда.

Жуырда Лебяжі ауданына қарасты Қызылағаш ауылдық округі әкімшілігінің мұрындық болуымен жергілікті қоғамдастықты құрудың бастамалары бойынша ауыл тұрғындарының қатысуымен жиын өткізілді. Бесқарағай ауылына бас-көз болып отырған ауыл әкімі Ж.Байтілеуова тізгіндеген атаулы жиынға Лебяжі аудандық мәслихаты хатшысы һәм осы ауылдан аудандық мәслихатқа сайлаған халық қалаулысы Қ.Әлтаев, «Нұр Отан» партиясының Лебяжі аудандық филиалы төрағасының орынбасары С.Мусинова қатысты.

Кіріспе сөзінен кейін Жанат Шоқанқызы бесқарағайлықтарға жергілікті қоғамдастықтың мән-жайынан тұщымды түсініктемелер бе ... Читать дальше »

Просмотров: 722 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/06/2015 | Комментарии (0)

БАЛАЛАР ЕҢБЕГІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС

Xалықаралық Еңбек Ұйымы 2002 жылы тұңғыш рет Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күнін бекітті. Жыл сайын 12 маусымда  әлемдік қауымдастықтың назары  дүниежүзіндегі жұмыс істейтін балаларға ауады. Бұл күн дүниежүзінде балалар еңбегіне қарсы күрес бойынша жаһандық қозғалысты қолдайтын миллиондаған адамдарды біріктіреді. Жыл сайын Дүниежүзілік күн балалар еңбегін қанаудың тез шешімін табуға тиісті ең күрделі мәселелеріне екпін түсіруге арналады. Науқан балалар еңбегінің ауыр түрлерімен күрес және оның толыққанды жойылуы бойынша  үкімет, азаматтық қоғам мен әлеуметтік серіктестердің, БАҚ пен барлық  мүдделі тараптардың күшін біріктіруге мүмкіндік береді.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде бұл науқан 1 маусым – Xалықаралық балаларды қорғау күні басталып, 12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегіне  қарсы күрес күні аяқталады. Осы он екі күн ара ... Читать дальше »

Просмотров: 734 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/06/2015 | Комментарии (0)