ІСКЕРЛІКПЕН ІЛГЕРІЛЕЙМІЗ

Асылында, осынау қадамдар көкірегінде түйсігі бар әр­ адамды елең еткізбей қоймайтын, ұлт бола­шағы үшін жанын беруге дайын әр аза­матты осы Ұлы жолда бірге болып, қызы­ғы мен шыжығына атсалысуға шақы­ра­тын өте ауқымды шаралар екені даусыз. Оны­ іс жүзінде жаһандық һәм ішкі сын-қатер­лерге жауап бере алатын, жаңа тарихи­ жағдайларда еліміздің дамыған мем­ле­­кет­тердің отыздығына кіруі жөніндегі бас­­ты құжаты деп айтуымызға әбден болады. Ел мен Ұлт­­ дамуының басты ұстынына айналатын­ Ұлт­тық жоба деп айтса да жарасады. Өйт­кені ол экономикалық дерттердің сырт­қы­ белгілерін әдемі сөзбен сылап-сипап қоюды емес, оны­ жүйелі іскерлікпен емдеуді, қоғам мен мемлекетті түбе­гейлі қайта өзгертуге және ілгерілетуге негіз қалауды мақсат етеді. Елбасы ұсынған бес институттық реформа – бес мемлекетке жүк болатындай-ақ, ал олар ... Читать дальше »

Просмотров: 2045 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/06/2015 | Комментарии (0)

ЛЕБЯЖІ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні күні кеше мерекеленіп өтсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалар хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Лебяжі өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.

Жанпеисов Зейнолла 1926 жылы Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1934 жылы ауылдағы мектепке барып, 1942 жылы сегіз жылдық мектепті бітірген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Алматы қаласының маңындағы Тастақ деген жерде әскери міндетін атқарып жүрген жерден соғысқа аттанады. Германия жерінде  Росток, Магдебург, Франкфурт қалаларында, Эльба өзенінде жанкешті шайқастарға қатысты. 1946 жарақаттанып, туған еліне оралды. Көп жыл бойында  Бесқарағай кеңшарында есепші (бухгалтер) қыз ... Читать дальше »

Просмотров: 761 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/06/2015 | Комментарии (0)