ЛЕБЯЖІ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ
Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні күні кеше мерекеленіп өтсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалар хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Лебяжі өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.
Канашев Қалияр Қанашұлы 1916 жылы Лебяжі ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Әскер қатарына 1939 жылы алынып, 1941 жылы 310-атқыштар дивизиясында жаяу әскер қатарында жауынгер болды. Ленинград үшін күрес майданына қатысып, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Мергендік қозғалысын көрсеткен Г.К.Жуков басқарған майданға қатысып, бірінші болып Берлинге кіргендердің бірі болды. 1945 жылы Жеңіс күнін Берлинде қарсы алып, қаланы фашис басқыншыларынан азат етіп, 1946 жылы елге оралды. Б
...
Читать дальше »