ЛЕБЯЖІ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ
Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні күні кеше мерекеленіп өтсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалар хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Лебяжі өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.
Жанпеисов Зейнолла 1926 жылы Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1934 жылы ауылдағы мектепке барып, 1942 жылы сегіз жылдық мектепті бітірген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Алматы қаласының маңындағы Тастақ деген жерде әскери міндетін атқарып жүрген жерден соғысқа аттанады. Германия жерінде Росток, Магдебург, Франкфурт қалаларында, Эльба өзенінде жанкешті шайқастарға қатысты. 1946 жарақаттанып, туған еліне оралды. Көп жыл бойында Бесқарағай кеңшарында есепші (бухгалтер) қыз
...
Читать дальше »