19:01
Футболдан әлем чемпионаттарының тарихы

Оңтүстік Африка Республикасы – 2010

Статистиканы сөйлеткенде

Ақтық дода:

11 маусым – 11 шілде 2010 ж., Оңтүстік Африка Республикасы

Қатысушылар саны:

32

Ойындар жүйесі:

Командалар төрт командадан іріктелген сегіз топқа бөлінді, қарсыластар өзара бір-бірімен топта ойнады, он алты мықты құрама олимпиалық жүйе бойынша 1/8 финалдан бастап ақтық ойынға дейін плей-офф кезеңінен өтеді

Өткізілді:

64 кездесу, оларды 3 178 856 көрермен тамашалады, бір ойынға орта есеппен 49 670 адамнан келді

Соғылды:

145 гол (орта есеппен 2,27)

 

 

Леопард Закуми - талисман ЧМ - 2010Африка құрлығында өткізілген футболдан бірінші әлем чемпионаты болды. Біріншілікті өткізуге құқық беру тартысында оңтүстікафрикалықтардың тапсырысы Марокко мен Мысырды озып кетті. Іріктеу кезеңіне ФИФА-ға кіретін 208 құраманың 204-і қатысты.

Оңтүстік Африкадағы әлем чемпинаты соңғы жиырма төрт жылда тұңғыш рет теңіз деңгейінен әлдеқайда жоғары мекенде өткізілді. Он стадионның алтауы теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасты.

Әлем чемпионаттары тарихында осымен екінші рет азиялықтар 1/8 финалда бірден екі өкілін қатыстырды, екі ретте де Жапония және Оңтүстік Корея құрамалары болды.

Жетінші әлем чемпионаты қатарынан он мықты ұрамалардың қатарында төрт футбол Конфедерацияның өкілдері болды: КОНМЕБОЛ, УЕФА, КАФ және КОНКАКАФ.

Сербия командасының футболшысы Деян Станкович Гана құрамасына қарсы ойында әлем рекордын жасады. Әлем футболының тарихында үш түрлі әлем чемпионаттарында үш түрлі құрама команданың сапында қатысқан тұңғыш ойыншы болды: Югославия, Сербия және Черногория, Сербия. Десе де, Станкович 1998 жылы ойнаған Югославия құрамасы – сол Сербия және Черногория құрамасы ғой түптеп келгенде.

7:0 есебімен аяқталған Португалия – КХДР арасындағы ойында Солтүстік Корея құрамасы өз тарихында ең ірі есеппен есе жіберсе, керісіңше Португалия құрамасы әлем чемпионаттарының ақтық кезеңінде ең ірі есеппен жеңіске қол жеткізді.

Африканың намысын қорғаған Гана құрамасы бұған дейінгі Нигерия құрамасынан кейін топтық кезеңді біреуден артық рет өте алған екінші команда танылды. 

Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы чемпионаттың алғашқы екі ойынында жеңе алмаған және плей-офф кезеңіне шыға алмаған әлем чемпионатында бірінші қожайын ел болды.

Жаңа Зеландия құрамасы 2010 жылғы әлем чемпионатында өз тобында бірде-бір ойында жеңілмесе де, келесі кезеңге шыға алмаған жалғыз команда болды.

Неміс футболшысы Лукас Подольски Австралияға қарсы ойында доптың ұшу жылдамығы бойынша жаңа әлемдік рекорд жасады – 201 км/сағ. (бұған дейінгі рекорд бразилдік Роберто Карлостың еншісінде еді – 198 км/сағ.).

1978 жылдан бірінші рет әлем чемпионатының алтыны үшін таласқан финалда бұған дейін әлем кубогіне ешқашан иелік етпеген екі құрама кездесті (Нидерланды құрамасы 1974 жылғы ақтық ойында немістерге қарсы ойнаса, Испания құрамасы 1978 жылғы финалда аргентиндіктерге қарсы ойнаған екен). Осындай финалдар бұған дейін 1930, 1934, 1954 және 1958 жылдардағы жаһандық додаларда тіркелген екен.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне бас-аяғы алыт еуропалық команда шықты, 1/8 финалда олар жұп құрап, өзара кездесті. Нәтижесінде, суырылып шыққан үш еуропалық команда чемпионат медальдарын өзара бөліп алды.

       Аргентина құрамасы плей-оффта осыдан төрт жыл бұрынғы жолын қайталады. 1/8 финалда олар Мексика құрамасын жеңсе, ширек финалды Германия құрамасына жол берді.

Алжир және Гондурас құрамалары бұл мундильда бірде-бір гол соға алмай қор болды.

Бразилия ширек финалда Нидерландыға жеңіліп қалды, бұған дейінгі чемпионатта ширек финалда Францияға есе жіберген-ді, түптеп келгенде аталмыш екі ұжым да әлем біріншілігінің вице-чемпиондары атанды. Осыған ұқсас жағдай Германияның да басынан өтті: осы біріншілікте және өткен чемпионатта жартылай финалда болашақ чемпиондарға жеңілді – Испания және Италияға тиісінше, ал өзі екеуінде де қола жүлдегер атанды.

Чемпионатты жеңілістен бастаған команда тұңғыш рет әлем чемпионы болды.

Бұл чемпионата Словакия және Сербия құрамалары тұңғыш рет жеке құрама болып қатысты.

Тұңғыш рет бір әлем чемпионатында КХДР және Оңтүстік Корея құрамаларының екеуі де қатысты.

Әлем чемпионаттары тарихында –

  • Грекия құрамасы тұңғыш рет гол соқты, тұңғыш рет ұпай еншіледі һәм тұңғыш рет жеңіске жетті.
  • Жаңа Зеландия құрамасы алғашқы ұпай алды.
  • Словакия құрамасы бірінші гол соқты, бірінші ұпай еншіледі және бірінші рет топтық кезеңнен өтті.
  • Словения құрамасының тұңғыш жеңісі.
  • Жеке құрама болып қатысқан Сербияның алғашқы соғылған голы және алғашқы жеңісі.
  • Африкалық құраманың Бразилия құрамасының қақпасына соққан алғашқы голы.
  • Жапония құрамасының өз елінен тыс жерде өткізілген әлем чемпионатындағы тұңғыш жеңісі.
  • Чемпионатты ұйымдастырушы елдің құрамасы тұңғыш рет плей-офф кезеңіне өте алмай қалды.
  • Парагвая құрамасы тұңғыш рет ширек финалға дейін жетті.
  • Испания құрамасы тұңғыш рет үшеуден артық рет жеңіске жетті.
  • Испания құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатының финалына шықты.
  • Тұңғыш рет бір елдің құрамасының сапында ағайынды үшеу ойнады – Джонни, Джерри және Уилсон Паласиостар (Гондурас).
  • Тұңғыш рет екі ағайынды футболшы біріне-бірі қарсы ойнады. Гана құрамасының жартылай қорғаушысы Кевин-Принс Боатенг Германия құрамасының қорғаушысы Жером Боатенгке қарсы ойнады.
  • Тұңғыш рет әлем Кубогі үшін финалда басқарудың монархиялық үлгісін ұстанатын екі ел кездесті (Нидерланды және Испания).
  • Испания тұңғыш рет әлем чемпионатын жеңіп алды.
  • Тұңғыш рет екі еуропалық құрама екі чемпионат қатарынан әлем чемпионы атанды.
  • Чемпион атанған Испания мундиальдің плей-офф кезеңінде бірде-бір гол жіберіп алмаған тұңғыш жеңімпаз атанды.
  • Испанияның жеңісі 1962 жылдан басталған Оңтүстік Америка және Еуропа командалары әлем чемпионаттарын алмакезек жеңістерінің дәстүрін бұзды.

 

 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 2399 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: