14:08 Арулар - асыл жандар | |
ӘДЕМІЛІК БІЗГЕ КӨПТІК ЕТПЕЙДІ Ықылымнан әйелге деген ынта-ықылас толастамаған. Адам Атаның қабырғасынан
жаралды дегенімен бүкіл адамзаттың өмір сүруіне, өміршеңдігіне бірегей негіз
ғой әлбетте. Қарапайым қисынға салғанда, ешкім көктен түскен жоқ, әйел оның
анасы. Жалғанда әйелдің орны бөлек. Ешкім әйелдің қыр-сырын ұғынып та, сезініп те
болмайды. Әйелдерсіз қоршаған орта да, қоғам да бар бояуынан айырылып қалған
сұр түстей ғой. Он екі түнде гүлі ашылмаған, уыздай жас, мамықтай үлбіреген қыз мұраты –
кету. Бөтен босағаны оң аяқпен аттап, тастай батып, судай сіңу. Ибалық һәм
инабаттылықтың үлгісі болу. Өз құрсағында өзгеге жан бітіріп, тоғыз ай бойы
толғанып, торсықтай шақалақты жалған да жарық дүниеге әкелу. Өмірге өмір қосу. Аққудайын жүріспен қызғалдақтай құлпырған қыздар небір жігіт сұлтандардың
жанына өзек, жүрегіне тікенек болды ғой. Құлай да сүйгізді, жылай да сүйгізді.
Еліктірді де желіктірді. Ақын-жазушылар, суретші-мүсіншілер, батыр-баһадүрлер
бас ие табынған көркемдік нысан, шабыттық нышан ғой шіркіндер. Әдемі ғой, әдемі! Аналық мейірімін анасыз қалған жетім-жетімектерге бұрып,
бауырына басып, өз баласындай бағып қаққан әлеуметтік жаратылысы бірегей аяулы
жандардың тірлік-тынысын ерлікке бара-бар санағанда. Әдемі ғой, әдемі! Әдеппенен киінген, ұлттық құндылықты болмысына сіңірген, тірсегіне
дейін бұрымы бар, ол болмаса шашы өріліп түйілген, бейәдеп қылықтан ада-күде,
күлімдеген жүзінде нұр ойнаған биязы мінезді бойжеткен-қызды көргенде. Әдемі ғой, әдемі! Сәбит Мұқановтың Ботагөзіндей, Ғабит Мүсіреповтің
Ұлпанындай, Бейімбет Майлиннің Раушанындай саяси-қоғамдық істерге білек сыбана,
белін бекем буа кіріскен ханымдардың қызметтері қомақты нәтижесімен
ілгерілегенде. Әдемі ғой, әдемі! Ел намысын арқалап, тартысты жарыс-додаларда жан алыса,
жан берісе, бел кеткенше қайрат-жігер танытқан нәзік жанды спортшылардың
талпынысын һәм жеңісті сәттерін тамашалағанда. Ал соңғы уақытта суыт
хабардай есіп тұрған өз балаларын нәпақа үшін саудалаған аналардың анайы
қылмыстарынан әдемілікке селкеу түседі. Өз қара басын ғана күйттеген кей
аналардың өз кіндігінен жаралған балаларын көшеде қалдырып, бейне бір көкек
құстай бәз біреулердің қарамағына «аманаттап» кеткендігінен әдемілік үрейге
ұшырайды. Ерлерден қалыспаймын деп темекі тартып, шылым шеккен, араққа
арбалған, шарапқа шырмалған, сырамен сырласқан, есірткімен есуастанған, нашамен
настанған нәзік жандардан әдемілік аяққа тапталады. Қымбат күлкінің бағасын
әдепсіз де мәдениетсіз көрінетін қарқылмен түсірген, сөйлеу мәнерінде дөрекі
сөздерді орынсыз қолданған бойжеткен-қыздардан әдемілікті мезгілінен бұрын әжім
жеңеді... Әдемі ғой, әдемі! «Шеше көріп, тоң пішкен» дегендей ісмерліктің небір әдіс-түрлерін
қабілет-қарымменен меңгеріп, құрақ көктеген, жіп тоқыған, көйлек пішкен,
қоғамдық-пайдалы еңбек жасаған нәзік жандардың жарасымды ісіне көз тіккенде. Әдемі ғой, әдемі! «Өнерлі өрге жүзер» дегендей өз бойындағы көркемдік
дарынымен үлкенді-кішілі сахналарда күміс көмей дауысымен нақышына келтіре ән
шырқаған, тал шыбықтай бұрала би билеген, сән сынында айшықталған арулар өнерін
қошеметтегенде. Әдемі ғой, әдемі! Білімге құлаш сермеген, оқу-тоқу арқасында зияткерлік сын-байқауларда
ерлеген, ғылым толқынды айдында намысты қолдан бермеген талапты аяулы жандарды
әспеттегенде. Әдемі ғой, әдемі! Жылына көктем шықыра келетін әйелдердің халықаралық
мерекесі күні балалары анасын, немере-шөберелері әжесін, жұбайы зайыбын, ата-енесі
келінін, жігіті қалыңдығын, шәкірттері аяулы ұстазын, бастығы қарамағындағы
асыл жандарды, ұл-бозбалалар қыз-бойжеткендерді шын жүректен осынау мейраммен
құттықтағанда. Асылында, әдемілік бізге көптік
етпейді. Бегімхан
КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай
ауылыі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы | |
|
Всего комментариев: 0 | |