16:34 Тіл тарихы |
ЛАТЫН ТІЛІНІҢ ЫҚПАЛЫ Латын тілі кеңінен және өте ұзақ уақыт қолданыста болғандықтан, барлық еуропалық тілге әсер етті. Ол тілдерде ортақ сөздер өте көп, олар негізінен латын сөздерінен тұрады, ал грек сөздері алдымен латын тілінен енген, сосын әрі қарай ауысқан. Ағылшын тіліндегі латын сөздері көбінесе француз тілі арқылы енген. Атақты Вергилийдің латын тілінде былай дегені бар-ды: “Tu regere imperio populous, Romane, memento!”( «Сен, римдік, империядағы өзге адамдарды билеп-төстеуді ұмытпа!»). Бұл сөйлемдегі әр сөз бір немесе бірнеше ағылшын сөзінің негізін құрайды. Ағылшын тіліндегі regent (регент) және regiment (полк) осы өлең жолындағы regere (басқару) деген сөзден шыққан. Ал оның есімшесі rectus (басқарылған) деген сөзден correct және direct деген сөздер туындайды. Ағылшын тіліндегі reign латын тіліндегі regnare деген өзбен жақын туыстас. Imperio деген сөзден ағылшын тілінде “empire” (империя), imperialism (империализм) және imperialist (империалист) деген сөздер пайда болды. Populos (халық) ағылшын тіліне француз тілі арқылы people болып кірді. Бірақ дәл сол латынның population (тұрғындар) және populist (популист) деген сөздері ағылшын тіліне тікелей кіріп, туындатты. Romane деген сөзден Рим (Roma) қаласының атауы туындады. Ағылшын тілінде осы сөзбен тікелей немесе жанама енген romance (романтика) және Romania (Румыния) деген сөздер бар. Memento (есте сақтау, ұмытпау) ағылшын тілінде кейде «ескерту» деген мағынада еш өзгеріссіз, осы латын тіліндегі мына сөздерден көруге болады: memory (жад, зерде), memorize (есте сақтау, жаттау), remember (ұмытпау). Қысқаша айтқанда, жоғарыда мысал ретінде келтірілген өлең жолдарындағы ағылшын тіліндегі әр сөздің күнделікті ауызекі тілде қолданыталын бірнеше сөзбен туыстық байланысы бар. Олардың бәрі латын тілінен тікелей кірген, не француз тілі арқылы енген немесе итальян тілі сияқты Еуропаның өзге тілдерінен ауысқан. Тек өлеңдегі Tu деген бірінші сөз ғана ерекше тұр. Ағылшын тілінде оның thou деген аналогі бар (көнерген сөз), бірақ оны жалпыға ортақ мұра деп есептейміз. Бұл сөздің латын тіліндегісі де, ағылшын тіліндегісі де олардың ізашары протоеуропалық тілден келген. Сөйтіп латын тілі тікелей және жанама түрде ену арқылы ағылшын тілін көптеген сөзбен байытқан екен. Мысалдардан көргеніміздей, латын сөздері көбінесе күнделікті қолданыстағы заттардың атауларын емес, дерексіз ұғымдарды білдіреді. Латын тілі мен грек тілі шынаы өмірді сипаттау және түсінуде қолданылатын сөздерді де, ұғымдарды да қамтамасыз етті. Тілдегі концепциялар болмаса, әлемдегі тіршілік бейберекет болып кетер еді. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |