20:19
Тұлғалану толқындарында

ӘРДАЙЫМ ҚОЗҒАЛЫСТА БОЛ!

Өзіңізге күніне 10 мың, аптасына 70 мың қадам жасаймын деп мақсат қойыңыз. Күндік 10 мың қаам межесі алғашқы кезде қиын көрінуі мүмкін. Сондықтан әуелі аз-аздан бастаңыз. Көлігіңізді алыстау жерге қойып, оған дейін жаяу жүріңіз. Жоғарғы қабаттарға лифтімен емес, баспалдақпен көтерілуді әдетке айналдырыңыз. Қысқасы, мүмкіншілік туса, көбірек жаяу жүруді, таңертең және кешке серуендеуді дағдыға айналдырыңыз. Қосымша белсенді спорт түрімен айналысыңыз.

Күніне 10 мың қадам жүру арқылы денсаулығыңды айтарлықтай түзетуге, қант ауруының, семіздіктің, қан қысымы сияқты дерттің алдын алуға болады. Қимыл-қозғалысы көп адамда ауру тұрмайды.

Адам миы физикалық белсенділіктен кейін өнімді жұмыс істейді. Бұл ирландиялық ғалымдар жасаған қарапайым тәжірибе нәтижесінде дәлелденіп отыр. Олар бір топ студентке неше түрлі фотоны көрсетіп, дереу көкейде сақтауды талап еткен. Әр фотода белгісіз адамның бейнесі мен аты жазылған. Аз ғана үзілістен кейін фотодағы сурет пен есімді еске түсіріп, айтып берулерін өтінген. Осылардың бір тобын жарты сағат велосипед тебуге жібереді. Ал екінші топ бұл уақытта залда күтіп отырады. Осыдан кейін экспериментті қайталағанда, велосипед теуіп келген фото мен онда жазылған есімді есіне жақсырақ сақтағаны анықталған. Ал екінші қимыл-қозғалыссыз отырған студенттердің көрсеткіші нашарлау шыққан. Экспериментке қатысқан студенттердің қанына анализ жасағанда, физикалық белсенділік танытқандардың протеин деңгейі жоғарылағандығы байқалған. Ал протеин өз кезегінде ми клеткаларын ынталандыратын қабілетке ие.

Осы және басқа да зерттеулер көрсеткендей, физикалық жаттығулар адамның есте сақтау қабілетін арттыра түседі екен. Қандай да бір нәрсені оқып немесе үйренгеннен кейін жаттығу жасасаңыз, қажет кезде оны еске түсіру әлдеқайда оңайырақ болады.

Ғалымдар жиырма жыл бойы 400 адамға жасалған зерттеулері арқылы физикалық жаттығу мен мидың ара қатынасын анықтауға тырысқан. Кем дегенде бір жарым шақырым жаяу жүру мидың ұйықтап қалуының алдын алатындығы байқалған. Сондай-ақ физикалық белсенді адамдар жасы ұлғайған шақта да алжымайтындықтары белгілі болған.

Күнделікті арнайы жаттығу залына барудың ыңғайы келе бермейді. Кейде уақыт қысса, енді бірде көлігіңді оталдырып, залға барудың өзі қиынға соғып жатады. Жарты сағат уақытыңды босқа жолда өткізуге қимай қалатын сәттер де болады. Сондықтан үй жағдайында жаттығу жасауды дағдыға айналдырыңыз. Тіпті оған арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Үйіңіздің қабырғасына турник іліп қойыңыз. Мысалы, кітап оқудан шаршадыңыз ба, барыңыз да тартылыңыз. Басқа бір істен жалыға бастадыңыз ба, 5-10 рет отжимания жасаңыз. Кейбіреу дәретханаға кіріп шыққаннан кейін әр дәрет алар алдында отыз рет тізесін ішіне тигізердей етіп көтеріп, түсіреді. Он рет отырып-тұрады.

Олай болса, бір орында отыра бермей, үнемі қозғалыста болыңыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: