16:33 Тұлғалану толқындарында |
ИНТЕРВАЛДЫ АШЫҒУ Бұл – аса қиын шаруа емес. Жай ғана таңғы астан бас тартыңыз. Бұл уақытта ағза асты қорытып үлгеріп, аутофагия ферментін белсендіреді. Аутофагия – жасушалардан токсиндерді тазалайтын процесс. Егер мұндай «тазалық жұмыстары» жиі жүргізіліп тұрса, ағза жасарып, сауығып, энергия көзіне айналады.
Көріп отырғаныңыздай, ашығудың бұл түрі өте қарапайым. Қиындық тудырмайды. Егер сағат таңғы 11:00-ге дейін тамақ ішкіңіз келсе, ананас, киви, аздап инжир немесе папайа жемістерін жеуге рұқсат. Өйткені бұлардың құрамы ағзаны тазарту процесіне сай. Ал егер бұл жемістер болмаса, алма, алмұрт немесе қолда барға қанағат. Мұндай ашығу ағзаға жеңіл. Алғашында аптасына 2-3 рет осылай ашығып, кейін тұрақтандырсаңыз болады. Осылай әдетке айналып кеткенін байқамай да қаласыз. «Ұшқан құсты торға түсіретін, жүгірген аңды орға түсіретін тамақ екен. Жұтқын тамағына ие болған адам торға да түспейді, орға да түспейді. Осы күнгі «Адаммын!» деп жүрген адамдардың жауы иегінің астында болып кетті. «Ол жауы не?» - десеңіз, жұтқын тамақ! Жалғанда мазаққа, ақыретте азапқа түсіретін – тамақ. Тамақтан тартылған – бәрінен де халас болады». Мәшһүр Жүсіп баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
