22:06 Рухани-танымдық сүрлеулер |
БІР ЖЕТІМ Бөлтірік шешен «Дүниеде кім жетім?» дегендерге: - Жастар елеп келмесе, келіп сәлем бермесе, қайғысы жетіп күңіренген, қартайған күнде ер жетім. Жас жетім емес, әлі-ақ жетіліп кетеді, - деген екен. Ақын Қ.Мырза Әлі: «Жетесіз жеті ұлдан ақылды бір қыз артық» десе, жетесіз ұлы барлар да жетім болғаны да.
ҚАРЫЗ – КІСІ АМАНАТЫ Аманатқа қиянат жасау – арсыздықтың басы, азғындықтың аяғы. Аманатқа қиянат жасамау – ол өмір. «Уәде – құдай үйі» деп бекер айтпаған. Уәде еткен соң, уәдеге опа етіп, оны орындау парыз. Ақын Қ.Мырза Әлі: «Қарыздар болсаң – есебіңді айыр, өрігін алсаң – шабдалымен қайыр», - деген. Тағы да: «Біреуге қарыздар болмасаң, соның өзі байлықпен бірдей», - деген де сөз қалған ақын Қ.Мырза Әліден. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
