16:28
Рухани-танымдық сүрлеулер

БАТАГӨЙ ДЕГЕН КІМ?

Батаның синонимі – алғыс, тілек. Бата беру дәстүрін жалғап, насихаттап жүрген тұлға – ол батагөй. Батагөйлер – құрметті, ел ардақтысы, көргенді, өмірлік тәжірибесі бар, ақыл-парасаты кемел ерекше адамдар. Олардың қатарына жырау, абыз, қоғамның дана ақсақалдары кіреді. Бата сөз адамға ақ пиғылды көңіл, ізгі мақсат, жағымды күй туғызатындықтан, бір қалыппен салмақты эпикалық мәнермен айтылады.

 

ТӨЛЕ БИДІҢ БАҒАСЫ

Сапақ датқаның Төле биді «өзіміз» дегендерге тоқтау айтқан сөзінің түйіні:

Төле би де өзіміз,

Төбе би де өзіміз,

Төте би де өзіміз.

Қисық болса ісіңіз,

Құрулы тұрған тезіңіз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 1 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: