16:30 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
ТАСТАР АДАМНЫҢ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗЫНА ҚАРАЙ ДА БӨЛІНЕДІ Тоқты жұлдызындағыларды – алмас, тау хрусталі, циркон, қызыл түсті лағыл (рубин), бриллиант (гауһар), істе жақсы сәттілік әкеліп, келеңсіз жәйттер мен көз тиюден сақтап, табыс әкеледі. Торпақтарға – александрит, авантюрин, амазонит, малахит, агат (жұзақ), хризоколла, кахолонг жақса, көгілдір ақық (бирюза), жақұт (сапфир) көз тиюден сақтап, мамыражайлық сыйлайды. Егіздерге – мысықкөз, берилл (меруерттің түрі), сердолик, аметист, агат, родонит, родохрозит, чароит, цитрин тастары жақсы. Гауһар, топаз, меруерт (изумруд) тасы бар бұйымдар оларға сәттілік әкеліп, тіл-көз дегендерден сақтап, өмірлік қуатын еселейді. Шаяндарға – інжу (жемчуг), маржан (коралл), құлпырма тас (перламутр), ай тасы (лунный камень), бақыт әкеліп, жүйкесін жайландырып, сыртқы зиянды әсерден қорғаныштарын арттырады. Тағы олар авантюрин, зүбәржат, беломорит, гематит, хризюберилл, диоптаз тастарынан жасалған бұйымдарды тақса дұрыс болады екен. Арыстан жұлдызының тілеулестері – лағыл (рубин), топаз және гауһар тастары бар сақинасы, бауыр ауруы, өт толудан сақтап, тіл-көзден болатын мазасыздықтардан қорғайды. Ал турмалин, тау хрусталі, янтарь, обсидиан, шпинель тастары да тілеулестер. Бикештікі – інжу, гауһар және көкшіл минерал (нефрит) тастары. Олар иесіне сәттілік әкеліп, сырт көзден, назар түсуден, зиянды әсерлерден қорғайды. Жадеит, тау хрусталі, мысықкөз, авантюрин, гелиотроп, кварцтың бір түрі – яшма, агат түрлес – оникс, сердолик тастары да бикештер үшін тиімді саналған. Таразылардың тастары – нефрит, малахит, родонит, рубеллит, родохрозит. Жақұт, жасыл ақық (аквамарин) таразыларға маусымдық жұқпалы вирустарды әлсіретіп, сәттілік сыйлай алады. Сарышаяндарға – анар, гагат, александрит, апатит, актинолит, топаз, гематит тастары жақсылық әкеледі. Жасыл ақық (аквамарин), маржан және анартас (гранат) сарышаяндықтарға қиындықты жеңуге көмектесіп, жоғарғы тыныс жолы ауруларын бәсеңдетеді. Мергендердің тастары – жақұт, александрит, хризоколла, халцедон, бирюза, обсидиан, лазурит, турмалин, уваровит. Сары түсті топаз, аметист, ақ алтын (платина) және күміс бас сақинасын болдырмай, сыртқы зиянды әсерлерден сақтайды. Тауешкі – гагат, обсидиан, альмандин, турмалин, раухтопаз тастарын пайдалану дұрыс саналған. Лағыл (рубин) қиындықтан шығуға көмектесіп, жүйкені жайландырады. Суқұйғыштарға – анар, аквамарин, аметрин, кварц, азурит, перламутр, обсидиан, хризопраз, циркон тастары жақсы серпін беріп, жетістіктер әкелген. Жақұт пен аметист абыс әкеліп, қан қысымын қалыпты ұстап, өзіне сенімін арттырады. Балық жұлдызынікі – коралл, гагат, аквамарин, беломорит, опал, ай тас, перламутр тастары. Жемчуг пен ақ алтын, күміс сенімсіздікті жойып, көруін жақсартып, жұқпалы вирустардан сақтайды. Келтірілген жұлдыздарға тән асыл, бағалы тастар иесін жамандықтан сақтап, қуаныш, жақсылық, олжа шақырады. Тағы бір жағдай, тастардан жасалған моншақ, сырға, сақина сияқтыларды біреудің тағып, өлшеп көруіне болмайды. Себебі біреудің бойындағы жағымсыз әсерлер сол таста қалып, иесіне кері әсері боларын біліп жүрген де дұрыс болады. Міне осы тастар жайындағы баяндауларымыз, өзіміздің тілеулесіміз болып, жақсылық сыйлап, жамандықтардан қорғап, ырыздық шақырып тұратын тұмар тастарымызды дұрыс таңдауғ көмегі тиер болса, нұр үстіне нұр болар еді. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы | |||
|
Всего комментариев: 0 | |