13:24 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
АҒАШ БІТКЕННІҢ ДЕ СЫРЫ БАР, ОНЫ ДА ОҚЫП, БІЛІП АЛ Наурыздың 22-31-і арасы мен 24 қыркүйектен 3 қазан аралығында туғандар кәдімгі жалпиып тез өсетін үйеңкі ағашын өздерінің символы санайды екен. Олар – шаруақор-еңбекшіл, ынсапты-қанағатшыл, ой-өрісі кең, зерделі ақылдың иелері. Кемшілігі – осы қасиеттерін толық пайдалануды аса қажет ете қоймайтындығы. Жаңғақ ағашын мәпелеп өсіріп, аялай білетіндер – сәуірдің 20-30-ы арасы мен 24 қазаннан 2 қараша арасында дүниеге келгендер. Бұлар өте өзімшіл болса да, жомарт. Қызуқанды қызба өркөкіректік мінезінен көбіне таяқ жеп, опығып жүреді. 1-14 мамыр және 3-11 қарашасында туғандар – қуаңшылыққа төзімді қарағашты өз ағашы ретінде қабылдайтын көрінеді. Бұлар – өз қарағаштарындай дәті берік, қатал, қатты мінезді, мейірімсіздеу, өзара өш адамдай дүрдараз қалыпта, саяқтап жүретін жандар. Енді осыларды топтап, гороскоппен таратып, ағаштың психологиялық кодына сай, әр адамның өзіне сай ағашын айқындасақ: Тоқты жұлдызындағылардың ағашы – қарағай. Торпақтарға тән ағаш – акация. Оларға емен мен шетен де сай. Шетен – отбасындағы сыйластық, бақыт пен тыныштықтың кепілі. Егіздерге алмұрт ағашынан жақыны жоқ. Шаяндықтарға таза оймен өтінсе үйеңкі жақсы көмектеседі. Арыстандар үшін рухани күш пен қажыр-қайрат сыйлауда емен ағашының көмегі тиеді. Бикеш жұлдызының иелеріне алма ағашы таптырмас көмекші. Таразыларға ең қолайлысы – қайың ағашы. Сарышаян жұлдызындағылардың ағашы қарағай. Мергендерге қайың ағашы тән. Тауешкілерге шырша ағашы жағады. Суқұйғыштардың энеретикалық көзі қарағай ағашында. Балықтардың ағашы – тазалық пен пәктіктің, нәзіктіктің символы саналған қайың. Балықтар үшін тағы бір энергия көзі көктерек. Емен мен қайың ағаштары барлық жұлдызда туғандар үшін әр кезде де жағымды күй сыйлайды. Міне, адамның мінез-құлқы өзінің жақсы көріп, аялдайтын жеке ағаш-жұлдызнамасына ұқсас. Көпшілігі тіпті айнымайды да. Енді осындай ағаш-жұлдызнамасынан хабары бар адам,өзінің мінез-құлқын жақсарту үшін әрекет жасаудан жалықпастан еңбектеніп, денсаулығын да бір қалыпқа келтіруге талпынғандары жөн болатын шығар деген ниетпен, білетін ғана ағаштар сырын баяндап өттік. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |