20:17 Әдет әдептері |
ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ Нақты жоспар әрекетті тудырады «Спортпен таңда айналысқаным дұрыс па әлде кешке ме? Кітаптың он бетін түнде жазсам ба екен әлде таңда ерте тұрып па? Көкөніс салатын түсте жесем бе екен әлде кешке ме?». Осындай сұрақтармен жүрсең, онда ешқайсысын істемейтініңе кепілміз. Себебі әрекет уақыт пен орынға байланбады. Ал «кешке есік алдындағы алаңда он бес минут жаттығу жасаймын» десең, сол уақыт туғанда ми не істеу керектігін біліп тұрады. Бұл әдісті мемлекет те адамдарға қолданады. Мысалы, сайлауға қатысушылардың үлесін көбейту үшін сайлаушылардан «сайлау бөлініе қаншада, қай жолмен, қандай көлікпен барасыз?» деп сұрайды. Қазақстанда жол ережесін бұзған жүргізушілерге «бір апта ішінде төлесең, 50%-ын ғана төлейсің, оны банк қосымшасы арқылы төлей аласың» деп қалай, қай жерде, қанша төлеу керектігін ескертеді. баспаға әзірлеп, жиған-терге Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
