22:08
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

Жаңа әдетті ескі әдетке таңу

Қанға сіңіп қалған ескі әдетке жаңа әдетті байлап, таңып қою керек. Ескі әдет пен жаңа әдетті біріктіргенде екеуінің арасында байланыс болғаны ұрыс. Екеуі бір жерде орындалғаны абзал, яғни мекен екі түрлі болмауға тиіс. Мысалы, «тіс тазалап болған соң, 10 бет кітап оқимын» деу қате. Себебі екеуі екі жерде орналасқан. Оның орындалуы екіталай. «Залдағы диванға отырған соң, бір бет кітап оқимын» десең, екеуінің арасында байланыс бар. жүзеге аспай жатқан әдетті әрқашан қайта өңдеуге болады. Бір-бірімен байланысатын әдетке байланғанша түрлі тәжірибе жасап көре аласың.

Зәкір тәсілін үлкен компаниялар да сәтті пайдаланады. Кока-кола компаниясы Қазақстан нарығында тек қана шөлдегенде ішетін сусын еді. Олар қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін, асханасын зерттеп, түрлі жарнама стратегияларын қолданды.мысалы, пицца, сушиді, кәуапты кока-коламен ішуді үйреткен соң, олар ұлттық белгілерді қолдана бастады. Барлық жарнамада палау жеп болғасын, кока-кола ішуді насихаттады. Сосын ұлттық ет тағамын жеген соң, кока-кола ішуге үгіттеді. Артынша Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында осы сусынмен шөл қандыру өте жақсы екенін көсетті. Қазіргі кезде палау мен ет тағамынан кейін сорпа емес, автоматты түрде кола сұрайтын жұрт қалыптасты. «Тамаққа тыңқиып тойып ақлдым, кола қорытып жібереді» дегенді талай естіген боларсың. Мүмкін арасында сен де барсың. Ал ми жақсы мен жаманды ажырата алмайды. Сен не үйреттің, соны әдет қып береді.

Зәкір тәсілін медицина саласында да табысты қолданып жүр. Қан қысымын өлшеуді пациенттер ұмытпауы үшін емхана оларға әдет қалыптастыруды көздейді. Алдымен сауалнама жасайды: «Сіз қан қысымын қай кезде өлшейсіз?». Ең көп кездесетінүш жауапты алады (мысалы, таңда газет оқитын кезде; үй жануарларын тамақтандырып болған соң; сүйкті бағдарламасы теледидардан басталатын кезде). Сөйтіп пациенттерге осының саналы түрде біреуін таңдауды ұсынады: «Біздің пациенттер көбіне осы үш жағдайдың бірінде қан қысымын өлшейді. Сіз қайсысын таңдайсыз?». Осылайша пациенттер өздері үшін қан қысымын өлшеуді әдет қылып алады.

баспаға әзірлеп, жиған-терге

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: