17:53 Әдет әдептері |
ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ Әдетті мекен мен уақытқа байлау Бұл әдісті ойлап шығарған Питер Голлвитцер деген психолог. Қай жерде, қай уақытта не істеу керектігін алдын-ала жоспарлап қоюды білдіреді. Моделі: «А мәселесі туындаса, Б әрекетін жасаймын». Біз бұны әдетті қалыптастыруға қолдана аламыз. 2001 жылы Ұлыбританияда үш топқа тәжірибе жасайды. Алғашқы топқа спортпен қаншалықты жиі айналысатынын жазып отыруды тапсырды. Екінші топқа жоғарыдағы тапсырма және спорттың пайдасы жайлы ақпараттар берілді. Үшінші топқа алғашқы екі тапсырма және спортпен қай жерде, қашан айналысатынын жсопарға жазып қоюды тапсырды. Яғни, «жұма күні түскі 15:00-де есіктің алдында жаттығу жасаймын» деген секілді сөйлемдер жазуға тиіс болады. Нәтижесі қызық: бірінші және екінші топтың 35%-ы аптасына бір рет спортпен шұғылданған. екінші топқа мотивация беретін ақпараттар пайда тигізбеген. Ал үшінші топтың көрсеткіші – 91%, яғни ең жақсы нәтиже соларда болған. Демек, әдет қалыптастыруда уақыт пен орынды белгілеп қою өте маңызды. Кейбір әдеттер мекенге байланысты туындайды. Сол мекеннің бір белгісі көрінсе бітті, әдет қалқып шығады. Мысалы, мен Алматы қаласындағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортына барғанда, тау шыңына апарар кабинаға кіргенде, автоматты түрде мына әдет жасалады: осы нығметке шүкір ету, денсаулығыма, ептілігіме, байлығыма, сәттілікке шүкір ету, таудың ұлықтығына қарап, Жаратушының ұлықтығын еске алу, біреудің маған, менің біреуге зиян тигізуімнен сақта деп сиыну. Дәл осылай аптасына бір рет футбол ойнауға барғанда, өзінің орындалатын әдеттері бар. автоматты түрде денені қыздырып, жаттығу жасау, жұмасына бір рет қана көрісетін бауырларыңмен сәлемдесу; ойын басталмас бұрын нәпсіммен емес, көркем мінезбен ойнау жайлы тілеу; т.б. Бұлар – жақсы әдеттер. Ал егер жаман әдеттер болса, олар да сол мекеннен өткенде оны жасаушының есіне түседі. Мысалы, темекі шегуді тастаған адам кезінде ылғи соны сатып алатын дүкенге кірсе, ми «темекі сатып алу» әдет-программасын қосып жіюереді. Бірнеше ай бойы шыдап, сақтанып жүрген адам сол сәтте сынып қалуы мүмкін. «Бірнеше ай бойы шыдап бергенімнің ақысы ретінде бір талын тартып жіберейін» деп өзін қалай ақтап алғанын да білмей қалады. «Мен күн сайын спортпен айналысамын» деудің орнына «Мен таңғы 7:00-де үйдің жанындағы мектептің спорт алаңында 300 метр жүгіремін» деу керек. «Мен күн сайын кітап оқимын» деудің орнына «Мен күн сайын кешкі 21:30-да үйдегі залда 15 минут кітап оқимын» деу керек. «Күн сайын көп су ішемін» деудің орнына «Дәретханадан шыға сала, бір стақан толы су ішемін» деу керек. Мұның артықшылығы: дәретханаға шығу мен су ішудің қайталану ықтималдығы бірдей. баспаға әзірлеп, жиған-терге Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
