16:30
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

Дұрыс әрекетке дұрыс уақыт белгілеу

Стрестен арылу үшін көп әрекеттің ішінен домбыра шертуді таңдадық. Күн сайын 30 секундтан, яғни аз-аздан бастаймыз. Ал бұл әрекетті кешкі ас ішіп, қолымызды жуып, ауызды шайып болған соң жасаймыз деп зәкірлейміз. «Кранды өшірген кезде, домбыраны қолға аламын».

Сен де өзіңе төмендегідей бірнеше нұсқасын жсап ал:

- Әжетхананың есігін жапқан соң, үш рет отырып тұрамын.

- Кранның суын өшірген соң, айнаға қарап күлімдеймін (немесе «Жүзімді сүлу еткеніңдей, іс-әрекетімді де сұлу қыла гөр» деп дұға етемін).

- Компьюетрді өшірген соң, шүкіршілік дәптеріне 5 шүкірлігімді жазамын.

- Басымды жастыққа қойған соң, ұйқы дұғасын оқимын.

- Тіс тазалап, щетканы орнына қойған соң, раковинаны тазалаймын.

- Төсектен тұрып, аяғымды еденге қойғанда, 1 стақан су ішемін.

- Кофе құйып алып, үстелге қойған соң, жеке күнделігімді ашамын.

- Көліктің белдігін таққан соң, аудиокітап қосып қоямын.

- Телефонды қолыма алған сайын, ағылшынша бір сөйлем айтамын.

Ода үйдің есігін сыртынан құлттай сала, үйден шығарда оқылатын дұғаларды оқу әдетке айналды. Әдет болып қалыптасқаны соншалық – жай ғана дүкенге шықса да дұға тіліне оралады. Дұға, Аятул-күрсі, Ықылас, Фәләқ, Нас сүрелері, салауат оқылған соң, өзіңді сенімді сезінесің. Таң осылай басталса, күнің де жақсы өтеді.

баспаға әзірлеп, жиған-терге

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 1 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: