17:26 Әдет әдептері |
ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ Істегің келген нәрсені орындау үшін өзіңе көмектес Белгінің түрлері көп. Мысалы, есінедің – ұйқың келді. Асқазаның шұрылдады – қарның ашты. Анаңның туған күні есіңе түсті – құттықтадың. Бірақ есте сақтау ылғи сәтті шыға бермейді, себебі кез келген уақытта маңызды хабарды ұмытып қалуымыз мүмкін. Белгінің келесі түрі – бір істі жасауды еске түсіретін айналадағы заттар. Мысалы, тоңазытқыштың есігіне жапсырылған жапсырмалар, телефонға жазылған ескертпелер, жазбалар. Одан да ерекшелері бар: жүзікті басқа қолға тағу, өзіңе хабарлама жіберу,айнаға маркермен жазу, орамалдың бір ұшын түйіп қою, т.б. Біз үшін ең маңыздысы – әрекет-белгі. Бұл – жаңа әрекетті жасауға белгі беретін әдеттегі әрекет. Мысалы, дәретхананың есігін жапқан соң, 3 рет отырып тұру. Үш рет отырып тұру – жаңа әрекет. Ал дәретханадан шыққан соң есігін жабу – әдеттегі әрекет. Бұл белгіні – зәкір дейміз. Зәкір деп кемені су астында ұстап тұратын шынжырлы ауыр темірді айтады. Ал біздің жағдайымызда ол – күн сайын жиі қайталанатын тірлік (мысалы, дәретханаға шығу, киіну, т.б.). Зәкір бізге ұсақ әдетті орындау керектігін еске салып тұрады. Күн сайын жасайтын әдеттегі әрекеттер өте көп. Солардың кез келгені белгі бола алады. Оларды еш ойланбай істейсің. Олардың қарапайымдылығы, оңайлығы белгі ретінде өте ұтымды. Мысалы, таңертең тіс жуу, шәйнекті плитаға қою, есікті құлыптау, аяқ киімді шешу, унитаздың суын ағызу, баланы мектепке немесе балабақшаға апару, сырт киімді киімілгішке ілу, жастыққа жантаю. Зәкір деген атау бекер алынбаған. Зәкір кемені бір орынға байлап қойғаны секілді – қалыптастырғың келген жаңа әдетті ескі әдетке байлап қоясың. Әбден қалыптасқан ескі әдетті жақсы жері – оны орындауды еске салу қажет емес. баспаға әзірлеп, жиған-терге Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
