22:14
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Медитацияның қандай пайдасы бар?

Медитация бұл - рухани жаттығу. Ол миды жаман ойлардан тазартып, оны жүйелеуге көмектеседі. Бүгінде медитацияның танымалдылығы артып келеді. Себебі көптеген адам мұны күйзелісті төмендету және зейінді жақсарту тәсілі ретінде қолданады. Медитацияның түрлері көп. Оның көпшілігі арнайы жабдықтар мен орынды қажет етпейді.
Ендеше рухани жаттығудың пайдасына тоқталып өтейік.
Күйзелісті жойып, мазасыздықты азайтады.
Өзін-өзі бағалау қасиетін жоғарлатады.
Осылайша, өмірге деген жағымды көзқарасты қалыптастырасың.
Ішкі жан дүниеңмен тереңірек сырласып, өзіңді толық тануға ұмтыласың.
Зейінің артып, есте сақтау қабілетіңнің жұмысы жақсарады.
Ерік-жігерің артып, эмоцияңды басқаруды үйренесің.

Сондай-ақ артық тамақтануды бақылауға көмектеседі.
Жаныңа жайлылық сыйлап, ұйқыны қалыпқа келтіреді.

Медитацияны күніне екі рет жасаған дұрыс. Нақтырақ айтсақ, таңертең және кешке 15-20 минуттай уақыт бөлуге тырыс. Таңертең ол ойды жинақтаса, кешке шаршаңқы күйден арылып, артық ойларды жоюға көмектеседі.
Ең басты шарт: медитацияны күнде жасау керек.

* * *

Адам күніне қанша сағат ұйықтауы керек?

 Ұйқы адам өмірінде үлкен маңызға ие. Мәселен, тым көп ұйықтаудың да ағзаға кері әсері бар. Нақтырақ айтсақ, 8 сағаттан артық ұйқы өмір сүру жасын қысқартады әрі адамды жиі күйзеліске ұшыратады.
Ал ұйқының жетіспеушілігінен ағзаның қорғаныс күші азайып, жүйке жүйенің жұмысы нашарлайды. Сәйкесінше, ұмытшақтық пен зейінсіздікке тап болуың мүмкін.
Дегенмен тарих беттеріне бойласақ, қоғамнан ойып тұрып орын алған тұлғалардың ұйқы режимі әртүрлі болғанын аңғаруға болады. Мысалы, Наполеон — 5 сағат ұйықтаған. Ал Эйнштейн 12 сағаттық ұйқыны жөн санаған. Леонардо да Винчи әр 4 сағат сайын 15 минуттан ұйықтаған. Ал бұл тәулігіне 1,5 сағаттық ұйқыны құрайды.
Жас ерекшелігіне байланысты белгіленген ұйқы режимі бар. Сонымен адам тәулігіне неше сағат ұйықтауы керек?
Жаңа туған нәрестелер күніне 18-20 сағатқа дейін ұйықтауы қажет.
2-4 айында -  17-18 сағат;
5-6 айында -  16 сағат;
7-9 айында - 15 сағат;
10-12 айында - 14 сағат;
1 жастан 3 жасқа дейін - 13-14 сағат;
Мектепке дейінгі жаста -  10-12 сағат;
Мектеп жасындағылар -  9-10 сағ;
Үлкендер мен жасөспірімдер - 8 сағат;

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 7 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: