13:25
Қазақ әдебиеті әлемінен

«АҢШЫБАЙ БАТЫР және ОНЫҢ ҰРПАҚТАРЫ» – «Қырымның қырық батыры» топтамасына енетін көлемді жыр. 1942 ж. ақын М.Хакімжанова мұрын жырау Сеңгірбаевтың нұсқасынан хатқа түсірген. 7-8 буынды жыр, 11 буынды қара өлең өлшемімен жырланған. Жыр генеалогиялық негізде топтастырылған. Аңшыбай, Парпария, Құлтықия, едіге, Нұрадин, мұсахан, Орақ, Мамай, Қарасай, Қази – бәрі де бір ата тектен тараған батырлар. Жырдың бастапқы бөлігі аңыздық-эпикалық желіге құрылса да, өзге салаларының тарихи негізі бар. Тоқтамыс, Сәтемір, ағыбай, Қожан, Шаппаз, Шамақан – тарихи прототипі бар тұлғалар. Жырдың тарихи этникалық арқауы ондағы толып жатқан ономастикалық атаулардан да байқалады (Хиуа, Үргеніш т.б.). Осының бәрі жырдың тараған аймағының географиялық шегін де айқындап тұрған мәліметтер. Жыр «Батырлар жырының» 5-томында толық жариланған (1989).

 

АПОЛОГ (грек. аpologos – баяндау, мысалдау) – ғақлияға, ғибрат айтуға құрылатын шағын көлемді, астарлы әңгіме. Өлең түрінде де жиі ұшырасады. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, аполог Шығыста пайда болып, мысал жанрының қалыптасуына ықпалын тигізген үлгі. 19-ғасырға дейін аполог және мысал атаулары синонимдер ретінде қатар қолданылатын болған. Айқын аңғарылатын аллегориялық сипат, сатиралық пафос, аң-құстың адамға тән мінез-қылықпен суреттелуі апологтың негізгі ерекшеліктері. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілерінің де бір парасын апологтар санатына жатқызуға болады.

 

«АППАҚ БАТЫР» – ғашықтық дастан. Халық ақыны ж.Жантөбетов ел аузынан жазып алған. Дастан махаббат тақырыбын жырлауға арнлған. Хан қызы Күнхан мен Зүбарша деген жігіт арасындағы бір-біріне деген махаббат сезімдері туралы оқиғаға құрылып, бұған кедергі жасамақ болған қыз әкесі Қадырша хан мен қарауындағы адамдардың қара ниет әрекеттерін әшкерелеген Аппақ батырдың ерлік істері мен екі жасқа бостандық әперген адамгершілігі жырға арқау болған. Шығарма еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқасы толық күйінде Орталы ғылыми кітапхана қорында сақтаулы. Дастанның екінші бір нұсқасы «Зеберше мен Гүлханыс қиссасы» деп аталады. Қолжазбада – «Аппақ хан». Бұл жыр 1942 жылы Шымкент облысындағы Бегімен Мұратбекұлы деген жыршыдан жазылып алынған. Жыр оқиғасы «Аппақ батыр» дастанымен ұқсас болғанымен мұнда Аппақ Үрім патшасы болып, Күнхан қыз Гүлханыс деп өзгертілген. Екі жас азапты күндерді бастан кешіріп, қантөгіс соғыс арқылы бақыттарына жетеді. Дастанның тағы бір нұсқасы «Түлханыс – Зеберше» деп аталғанымен қолжазбада «Аппақ патша» деп жазылған. Бұл жырды ел аузынан ақын, әнші Б.Бектұрғанов жазып алған. Жыр мазмұны алдыңғы нұсқалармен ұқсас. Кісі аттары мен көріністерде ғана айырмашылық юар. Бұл нұсқа да толық күйінде Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 201 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: