ЖАРАТУШЫ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

Ақиқатында, Түп Иеге қайту үшін Оған деген сүйіспеншілік керек дедік. Біреуді сүю үшін әуелі оның қадір-қасиетін білу керек екені белгілі. Ендеше Жаратушыны сүю үшін де Оның сипаттарын білуіміз керек. Абай мұрасынан енді соларды іздеп көрелік.

Алла тағаланың Жаратушы аспектісі Абсолюттік ақиқаттың бір негізі екені айтылды. Алла тағалаға сену имандылық тірегі екені белгілі. Абай ілімі бойынша имандылық дегеніміз бір Жаратушының бар екеніне иланып, Оның заңдылықтарын танып, өмірді сол заңдылықтармен үйлестіру.

Жаратушы барлық әлемдегі болып жатқан құбылыстардың себептерінің себебі, бірақ Оның Өзінің себебі жоқ. Ол мәңгілікті, жаралмаған, бір, ең жоғарғы рух, барлығы Содан шығады және түбінде барлығы Соған қайтады. Жаратушының бар екенін Абай өзінің әйгілі өлеңінде была ... Читать дальше »

Просмотров: 410 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/01/2020 | Комментарии (3)

100 ТАҒЫЛЫМ

 

  1. Дүниеде нені арман етсең де іздемей қолыңа түспейді. Керегіңді іздеу жолында жалықпа да торықпа. Жаман киімді кісінің бәрі жаман емес. Алтын тас арасында да жатады. «Ерді кебенек ішінде таны» деген сөз бар.
  2. Халықтың қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады: 1) ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды, 2) елді басқарған өкіметті сыйламау – ел ішінің бірлігін жояды; 3) асты күтпей ысырап ету – бекені кетіріп ашығуға апарып соғады.
  3. 1) Удан ащы не бар? 2) Қайтып оралмайтын сүйкімді сағат қай мезгіл? 3) Күннің жақсысы қайсы? 4) Бір жетілік қуаныш қай кезде болады? 5) Адамның жасыра алмайтыны не? 6) Тірі адамның өлетін уақыты қайсы? 7) Жүдемейтін көңіл қандай адамда болмақ? 8) Тәртіптің зынданы не?

Оның жауаптары мын ... Читать дальше »

Просмотров: 412 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/01/2020 | Комментарии (0)

1-ҚАДАМ: АРМАНДАЙ БІЛЕЙІК, АРМАНЫМЫЗДЫ МАҚСАТҚА АЙНАЛДЫРАЙЫҚ!

Үлкен адам болу үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға.

  • Мұхтар Шаханов

Адам баласына өз мақсатына жету үшін үлкен арман керек. Біз армандай аламыз ба?! Біз өз болашағымызға сенеміз бе? Армандай білу, ол – өте керемет сезім. «Арм ... Читать дальше »

Просмотров: 339 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/01/2020 | Комментарии (0)

БИПАЗ

  1. Биязы, кербез, майда, сыпайы; 2) Икемді, оңтайлы, епті, шебер.

Бипаздау – мәнеріне келтіру, әдемілеп істеу.

Мысалдар:

  1. Сол бір мамыр айының көбелегіндей ошақ басы мен үй арасында көлбеңдеп жүрген жас әйелдердің қай қимылы да бипаз, паң, әдемі. (Ә.Кекілбаев, Үркер)
  2. Сол сияқты, бұл мекенжайда да тұрмыс-тірлік мейлінше бай, сән-салтанатпен реттеліп қойылыпты. Сол себепті де мұндағы әмір алғашқы сәтінен-ақ бапты да бипаз, қызықты болып көрінді. (А.Дюма, Граф Монте-Кристо /Ә.Жұмабаев, Қ.Жұмағалиев тәржімасында/)
  3. Жаңа жеңгемнің ісмер бипаз қолы жыртық-жәутік ескі бұйымдарды да қағып-сілкіп, жамап-жасқап жаңғыртып, тәртіптен кәдеге жарата бастады. (Б.Соқпақбаев, Балалық шаққа саяхат)
  4. Ащы темекісін бипаздап тартпағанда, Ықаң енді не бітіреді? Қой, ықаң байғұсты не қыласы ... Читать дальше »
Просмотров: 347 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/01/2020 | Комментарии (0)

ӘЛҚИССА

Әлбетте, батыста «уақыт – ақша» деген түсінік қалыптасқан. Ал мұсылман ойшылы Хасан Басри «Мен өздерінің уақытына ақшасынан да аса ұқыптылықпен қараған адамдарды көрдім» деп, уақыттың дәрежесін ақшадан да жоғары қойған. Құнын ақшамен есептеуге келмейтін, алтынға бергісіз иләһи жауһарды пенделік ақылмен өлшеу мүмкін емес.

Ақиқатында, Алла барлық адамға бір күнде 24 сағат уақыт берген. Артық-кемі жоқ. Байда да 24 сағат, кедейде де 24 сағат бар болғанындай, намазын уақытында оқып, діни сауаттылығн арттырып, Құранға көңіл бөле отырып, адал ризық табу жолында маңдай терін төгіп жүрген мұсылман жанның да 24 сағаты бар. Олай болса, ет пен сүйектен жаралған бір адамның қолынан келген істі екінші бір адамның да атқара алатын мүмкіндігі бар екенін мойындау керек. Барлық мәселе «уақыт жетпейдіге» келіп т ... Читать дальше »

Просмотров: 341 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/01/2020 | Комментарии (0)

КӨҢІЛДІ ЖҮРЕЙІК

Әлбетте, көңілді жүру алдағы сәттіліктің жаршысы бола алады. Ол үшін болмасқа ренжіп, ауа-райына қобалжудың қажеті жоқ. Бастысы – өз көңіліңізді өзіңіз көтере біліңіз. Олай болса біз сіздерге көңілді жүрудің 10 құпиясы туралы айта кетпекпіз.

1. Үнемі көңілді жүру үшін өзіңізді бақылап үйреніңіз. Болмайтын нәрселерге ренжіп, жақындарыңызды ренжітпеңіз. Көңіліңізді қалдырған адамдарды кешіре біліңіз. Сол арқылы өзіңізге зиян әкелетін жек көрушілік, кек қайтару деген жаман ойлардан арыласыз.
... Читать дальше »

Просмотров: 355 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/01/2020 | Комментарии (0)