ҰЛ-ҚЫЗЫМ, САҒАН АЙТАМ...

Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе.

Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.

Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс. Мешітке, үйге «Ассалаумағалейкүм» деп кіру керек, кешке «Кеш жарық!» деп кіру керек.

Үлкен кісілерді, ананы, әйелді көлікке қолтықтап демеп мінгізу не түсіру керек. Әйел алдында әдепті бол, сыпайы сөйле.

Үйге кісі келсе орнынан тұрып жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар. Көшеде, жолда жатқан шыны, темір болса алып таста.

Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма. Адамға күш қолданба.

Сәбилерге өтірік айтпа, алдама, қорқытпа. Оларды жаман әдетке үйретпе.

Тамақ жеп отырып сөйлеме.

Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағыға қол созба.

Егін ішінде дәретке отырма.

... Читать дальше »
Просмотров: 517 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/01/2020 | Комментарии (1)

ЖАЯУ ЖҮРУ КЕРЕК

Жаяу жүрген денсаулыққа аса пайдалы. Әсіресе жүрек бұлшық еттерінің қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасайды. Ал сіз күніне қанша жол жүретініңізді есептеп көрдіңіз бе?

Адам күніне кем дегенде 3 шақырым жаяу жүруі керек. Күнделікті күйбең тіршілікпен қанша шақырым жол жүріп, қанша қимыл-қозғалыс жасағанымызды қаперге ала бермейміз. Десе де технология дамыған заманда қимыл-қозғалысымыз азайып бара жатқанын мойындауға тиіспіз. Кеңседе қызмет істейтіндер 3 шақырым жол жүрмек түгілі, бір-бірімен көп сөйлесе де бермейді. М ... Читать дальше »

Просмотров: 347 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/01/2020 | Комментарии (0)