11:37
Білімдіден шыққан сөз

100 ТАҒЫЛЫМ

 

  1. Дүниеде нені арман етсең де іздемей қолыңа түспейді. Керегіңді іздеу жолында жалықпа да торықпа. Жаман киімді кісінің бәрі жаман емес. Алтын тас арасында да жатады. «Ерді кебенек ішінде таны» деген сөз бар.
  2. Халықтың қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады: 1) ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды, 2) елді басқарған өкіметті сыйламау – ел ішінің бірлігін жояды; 3) асты күтпей ысырап ету – бекені кетіріп ашығуға апарып соғады.
  3. 1) Удан ащы не бар? 2) Қайтып оралмайтын сүйкімді сағат қай мезгіл? 3) Күннің жақсысы қайсы? 4) Бір жетілік қуаныш қай кезде болады? 5) Адамның жасыра алмайтыны не? 6) Тірі адамның өлетін уақыты қайсы? 7) Жүдемейтін көңіл қандай адамда болмақ? 8) Тәртіптің зынданы не?

Оның жауаптары мынадай: 1) Удан ащы – әдепсіз адамның аузынан шыққан сөз. 2) Сүйіскен ер мен әйелдің алғашқы кездескен сағаты. 3) Патшалар үшін таққа мінген күн, ғалымдар үшін еңбегін аяқтаған күн. 4) Саудагердің қуанышы бір жетіден артпайды, жетіден кейін аз пайда алса ренжиді. 5) Өлім. 6) Өтірік. 7) Жүдемейтін көңіл – әйелі сыйлаған адам. 8) Ата-ананың тілін алмаған бала.

  1. Әр адам өз қуатын білуі керек. Бұл оның дүниеден өз үлесін алуына себеп болады. Қуатына қарай іс істеп, қуатына қарай ас ішпеген адам ауруға шалдықпай тұрмайды. Ер мен әйел – жаратылыс заңы, дене құрылымы бірдей емес. Өлетінін білетін адам кеселден сақтанып жүруі керек. Ажалды ауру жақындатады.
  2. – Кімнің қызысың?
  • Ауыл кісісі үйір үйдің қызымын, төбесі биік үйдің қызымын.
  • Онда даланың ұлығының қызы екенсің ғой.
  • Өзіңіз кімсіз?
  • Биік ағаштың қаттысымын, үлкен жемістің тәттісімін.
  • Сіз бүкіл елдің әкімі екенсіз ғой, депті қыз.
  1. Жақсы адамның өз мойнына алған борышы темір шынжырдан да, аттың кісенінен де мықты.
  2. Не жаман? Жақсы әйелдің есалаң ері болса, рақымды, жомарт жандардың ақшасы жоқ болса, сол жаман. Қайғыда не қайғы? Жаңбырда жолға шыққан қайғы, сүйікті адамыңмен тез ажырасқан қайғы. Не ұнамсыз? Сөз білместің сөйлегені ұнамсыз, дауысы жоқтың ән салғаны ұнамсыз, жақтырмайтын әйелдің сүйіспеншілік көрсеткені ұнамсыз.
  3. Ғалымдар қоғамның шамшырағы («Құран Кәрім»).
  4. Кім үлкенді құрметтеп сәлем берсе, оған төрт қасиет: ұзақ өмір, көп білу, даңқ пен саулық рухының нұры жауады. (Үндінің мәну заңынан)
  5. Өнерден жақсы нәрсе, білімнен – үлкен, ұяттан – сұлу нәрсе, қызғаншақтықтан асқан дұшпан жоқ (Сократ).

 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 413 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: