ӘЛЕМ БОЛМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ХАҚЫНДА

Зерделесек, Абай ілімі бүкіл Абсолютті қамтитын болғандықтан, ол қазіргі қалыптасқан діни ұғымнан әлдеқайда кең жатыр. Бұның өзі Абай ілімі дін емес екенін және оны діни шеңберде қарастыруға болмайтынын көрсетеді. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің де жазып кеткені белгілі.

Абай абсолюттік толық білім көзін ашып береді. Ойшыл мұрасын жүйелеу арқылы бұларды анық көруге болады. Ол білімнің құрамына мыналар жатады: Жаратушы, жан иелері, табиғат және олардың өзара қатынасын білдіретін жан иелерінің іс-әрекеттері, Жаратушы мен табиғаттың арасындағы қатынасты білдіретін уақыт. Сонда бұлар бүкіл болмысты қамтып, оның бес негізін береді. Абай бұл туралы өзінің отыз сегізінші қара сөзінде былай дейді:

«Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сон ... Читать дальше »

Просмотров: 434 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 21/01/2020 | Комментарии (1)

ҚАЛ ҚАЙДА БОЛСА...

Әлбетте, денегдегі қал қай жерге орналасуына қарай адамдардың мінез-құлқы,болашақ тағдыры хақында неше қилы жормалдар,пайымдаулар айтылады. Егер денеде неғұрлым қал көп болса,мән-мағынасы да соғұрлым мол,әрі алдын-ала жасалатын болжамдар шындыққа жиі үйлесіп жатады.

Дөңгелек қал - бақытты тағдыр кепілі.

... Читать дальше »

Просмотров: 354 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 21/01/2020 | Комментарии (0)

ӨРЕКПУ

Қызу, өршелену, екілену, күшею, көтерілу.

Мысалдар:

  1. – Ашу алды, ақыл соңы. Әуелі Бөкенші өрекпіп барып, өзінің ашуына ие болатын шаққа жетсін. Өрт шықса, оны алдынан шығып өшірмейді, қуа өшіретіңді білесің ғой! – деді. (М.Әуезов, «Абай жолы»: 2-том)
  2. Әшір өз сөзін айтып үлгергенше тағы да Айсұлу:
  • Сіздің жолдас Самигуллинмен екеуімізді оңаша тастап кетпек болуыңыз жарамайтын іс. Ертең өсек болуы мүмкін, деді.

Әшір өрекпіп:

  • Қойой, сен не айтасың, Айсұлу! Өсек болады дегенің не? Біреумен біреу бір үйде отырмай ма екен? – деді. (С.Сейфуллин, «Алтын жұлдыз»)
  1. Өрекпіп бұлттар өткенде сахна-даладан,

Сақтан деп аспан соққанд ... Читать дальше »

Просмотров: 362 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 21/01/2020 | Комментарии (0)

ҰЛ-ҚЫЗЫМ, САҒАН АЙТАМ...

Өзіңе өзің сын көзіңмен қарап жүр.

Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.

Жаназа оқылып жатқан жерден айналып кетпе. Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе.

Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан ойлап жүр.

Көпке қарсы болма. «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген мәтел бар.

Төсеккөрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.

Жас адам көлікке, атқа ең соңынан міну керек.

Үйде, дастарқанда адамдар жасына қарай үлкендер төрде, жастар төмен қарай отырады.

Жас адамдар үлкендер алдында, үлкендер жастар алдында өздерін әлепті ұстағандары жөн.

Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.

Бойыңды да, ойыңды да, арыңды да таза ұста.

Жүзің жарқын, жаның жомарт, мінезің жақ ... Читать дальше »

Просмотров: 356 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 21/01/2020 | Комментарии (0)