11:39
Абай айнасы - рухани кемелдену

ЖАРАТУШЫ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

Ақиқатында, Түп Иеге қайту үшін Оған деген сүйіспеншілік керек дедік. Біреуді сүю үшін әуелі оның қадір-қасиетін білу керек екені белгілі. Ендеше Жаратушыны сүю үшін де Оның сипаттарын білуіміз керек. Абай мұрасынан енді соларды іздеп көрелік.

Алла тағаланың Жаратушы аспектісі Абсолюттік ақиқаттың бір негізі екені айтылды. Алла тағалаға сену имандылық тірегі екені белгілі. Абай ілімі бойынша имандылық дегеніміз бір Жаратушының бар екеніне иланып, Оның заңдылықтарын танып, өмірді сол заңдылықтармен үйлестіру.

Жаратушы барлық әлемдегі болып жатқан құбылыстардың себептерінің себебі, бірақ Оның Өзінің себебі жоқ. Ол мәңгілікті, жаралмаған, бір, ең жоғарғы рух, барлығы Содан шығады және түбінде барлығы Соған қайтады. Жаратушының бар екенін Абай өзінің әйгілі өлеңінде былай білдіреді:

Алланың Өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

(«Алланың Өзі де рас, сөзі де рас», 1902 ж.)

Құдай тағаланың бар екенін, Оның бір екенін және бүкіл болмыстың себебі екенін қырық бесінші қара сөзінде былай деп көрсетеді:

«Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері әркім әр түрлі сөйлесе де, бәрі де бір үлкен Құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайықты дегенлігі».

Бір Жаратушының есімдері көп. Оны танып-білу үшін әрбір халық әр түрлі есіммен атайды. Бұлар Оның әр түрлі сипаттарын білдіреді. Бұл туралы отыз сегізінші қара сөзінде Абай былай деп жазады:

«Ол – Алла тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттар бірлән тағрифлап[i] танымаққа керек. Егерде ол сипаттар бірлән тағрифламасақ бізге мағрифатулла[ii] қиын болады».

Жаратушыны біздің халқымыз Алла, Құдай, Тәңір, Жаратушы, Құдірет, тағы сол сияқты есімдермен атаса, Оның басқа тілдерде Йегова, Будда, Христос, тағы басқадай есімдері бар. Ислам дінінде Оның тоқсан тоғыз есімі беріледі. Абай ислам дүниетанымыммен сәйкес Алла тағаланы «бір» және Ол шексіз ретінде қабылдайды. Бұл монотеистік көзқарас екені белгілі, сонымен бірге Ол шексіз болатын болса, онда Оның Абсолюттік сипаты болуы керек. Яғни Алла тағала деген ұғым Абсолют дегенмен бірдей. Сондықтан Алланы тану үшін Оның шексіз қасиеттерінің бірі болып табылатын Жаратушылық аспектісін бөліп алып, Абсолюттің бес негізінің бірі ретінде қарастырамыз.

Алла тағала Абсолют, яғни шексіз болғандықтан, Оны адамның өзінің шектеулі ой-өрісімен тануы мүмкін емес екенін, Алла тағаланы адамның бірден түсінуі оңайға түспейтінін ақын өлеңінде де жазады. Оның «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде «Ақылға симас ол Алла, тағрипқа[iii] тілім қысқа аһ!» дейтіні бар емес пе?! Себебі ақыл материалды негізде, ал тіл материалдық әлемге арналып, соның бейнесін ғана бере алады, сондықтан олармен таза рух Алланы түсінуге де, анықтап сипаттауға да болмайды. Алла таза рух болғандықтан, қасиеті бөлек. Рух материямен түсіндірілмейді. Рухты рухпен, яғни жанмен ғана түсініп-сезінуге болатынын ойшыл осы өлеңінде әрі қарай былай деп білдіреді:

Ақыл мен хауас[iv] барлығын

Білмейдүр, жүрек сезедүр.

Мұтәкәллимин[v], мантикин[vi]

Бекер босқа езедүр.

(«Алла деген сөз жеңіл», 1897 ж.)

Осылай Абай ақыл мен сезім (хауас) барлығын білмесе де, бірақ жүрек сезетінін айтады. Өзінің он жетінші қара сөзінде: «Онан соң жүрек айтыпты: жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ», - деп жан жүректе екенін жазады. Сондықтан жан жүректегі Алланы езеді, яғни адамның басқа мүшелерінің арасында жүрек сезеді. Ал ақыл-ес арқылы логиканы пайдаланып, пәлсапалық тұрғыдан Алланы түсіндіруге ұмтылатындар (мұтәкәллимин мен мантикин) «Бекер босқа езедүр» деп олардың сөзі бос екенін білдіреді. (жалғасы бар)

 
 
 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

 

 

 

[i] Айыру, анықтау, білу.

[ii] Алланы тану.

[iii] Түсіну, білу, анықтау.

[iv] Ерекше қасиетті, сипат, сапа, түр. Бұл жерде сезім мүшелері мағынасында.

[v] Сөйлеушілер. Бұл жерде дінді дәлелдеушілер.

[vi] Сөйлеушілер. Бұл жерде терең ой, қисынды сөз.

Просмотров: 410 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 3
3 ugmur665  
0
78602 http://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:MelodyBlanch564 http://www.wiki-peps.fr/mediawiki/index.php/Utilisateur:KraigCll817798 https://80.26.155.59/mediawiki/index.php/Usuario:AmadoOrdonez http://46.32.240.43/highlandsupport.co.uk/index.php?title=%D0%9C%D0%B8%D1%80_%D0%94%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D0%97%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%B4%D0%B0_3_%D0%A1%D0%B5%D0%B7%D0%BE%D0%BD_1_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F_V8_%E3%80%90_%D0%9C%D0%B8%D1%80_%D0%94%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D0%97%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%B4%D0%B0_3_%D0%A1%D0%B5%D0%B7%D0%BE%D0%BD_1_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F%E3%80%91._%C2%AB%D0%9C%D0%B8%D1%80_%D0%94%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D0%97%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%B4%D0%B0_3_%D0%A1%D0%B5%D0%B7%D0%BE%D0%BD_1_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F_Watch%C2%BB_Y0 http://hardlytrainedprofessionals.com/%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d0%bf%d0%b0%d0%bf%d0%b0-10-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d1%8f-r2-%e3%80%90-%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d0%bf%d0%b0%d0%bf%d0%b0-10-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8/

2 nwfge361  
0
74189 https://sdk.rethinkrobotics.com/intera/%d0%97%d0%b0%d1%87%d0%b0%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d0%b5_Charmed_2_%d0%a1%d0%b5%d0%b7%d0%be%d0%bd_9_%d0%a1%d0%b5%d1%80%d0%b8%d1%8f_26-01-2020 https://thecbdwiki.com/index.php?title=%D0%9D%D0%BE%D0%B2%D1%8B%D0%B9_%D0%9F%D0%B0%D0%BF%D0%B0_7_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F_%D0%A1%D0%9C%D0%9E%D0%A2%D0%A0%D0%95%D0%A2%D0%AC_26-01-2020 https://thecbdwiki.com/index.php?title=User:FRNLida300704906 http://46.32.240.43/highlandsupport.co.uk/index.php?title=%C3%90%C2%A1%C3%90%C2%BE%C3%90%C2%B4%C3%90%C2%B5%C3%91%E2%82%AC%C3%90%C2%B6%C3%90%C2%B0%C3%90%C2%BD%C3%90%C2%BA%C3%90%C2%B8_2_%C3%90%C2%A1%C3%90%C2%B5%C3%90%C2%B7%C3%90%C2%BE%C3%90%C2%BD_9_%C3%90%C2%A1%C3%90%C2%B5%C3%91%E2%82%AC%C3%90%C2%B8%C3%91_26-01-2020_%C3%90%C2%A1%C3%90%C2%BC%C3%90%C2%BE%C3%91%E2%80%9A%C3%91%E2%82%AC%C3%90%C2%B5%C3%91%E2%80%9A%C3%91_%C3%90%C3%A2%E2%82%AC%E2%84%A2_Hd_%C3%90%C5%A1%C3%90%C2%B0%C3%91%E2%80%A1%C3%90%C2%B5%C3%91%C3%91%E2%80%9A%C3%90%C2%B2%C3%90%C2%B5 http://46.32.240.43/highlandsupport.co.uk/index.php?title=%D0%A2%D1%80%D0%B8%D0%B3%D0%B3%D0%B5%D1%80_%D0%A2%D0%9D%D0%A2_14_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F_%22_26-01-2020_*_%D0%9E%D0%BD%D0%BB_%D0%B9%D0%BD

1 hqdazgjqhiqa  
0
39286 http://forum.38a.ru/showthread.php?t=297554&p=546506#post546506http://united-nethersturm.de/viewtopic.php?f=5&t=7276http://forum.38a.ru/showthread.php?t=297552&p=546504#post546504http://xn--l1adgmc.xn----7sbeg1aauudo4a.xn--p1ai/index.php?topic=135211.new#newhttp://www.cmanageronline.com/index.php?topic=15359.new#newhttp://forum.islesofarthanos.com/index.php?topic=33196.new#newhttp://www.theamericanirregular.org/forum/index.php?topic=23555.new#newhttp://americanparkour.com/smf/index.php/topic,264976.new.html#newhttp://americanparkour.com/smf/index.php/topic,264979.new.html#newhttp://community.galak-z.com/viewtopic.php?f=1&t=691366http://60.250.226.63/ipkb/viewtopic.php?f=40&t=1356074http://60.250.226.63/ipkb/viewtopic.php?f=40&t=1356075http://affiliateforums.org/viewtopic.php?f=5&t=692860 http://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:RenateClaudehttp://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:RodrickPhiferhttp://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:RussellBudd7266http://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:TWRRosellahttp://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:TandyFlood2http://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:TawnyaBoggs1260http://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:TessaTownleyhttp://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:ThanhS7342http://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:ViolaBvx587http://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:VirgieGracia837http://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:WFZJodie1362http://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:WileySperlinghttp://mcdonogh35archive.com/index.php?title=User:XYFShantell

Имя *:
Email *:
Код *: