ӘЛЕМ БОЛМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ХАҚЫНДА

Ақиқатында, «Алла тағала Өзі – Хақиқат» деген Абай сөзіндегі «Хақиқат» сөзі тіршіліктің «ақиқат», «шындық» деген ұғымын емес, Алла тағалаға қатысты айтылып тұрғандықтан, ең жоғары ақиқатты, яғни абсолюттік ақиқатты білдіріп тұр. Ендеше Абай сөзін «Алла тағаланың Өзі – Абсолюттік ақиқат» деп түсінуге болады.

Философиялық сөздікте «абсолют» (лат. Absolutes – сөзсіз) деген ұғымды – «өзінен-өзі жеткілікті», яғни толық бүтін, асқа ештеңеге тәуелді емес, бүкіл болмысты қамтитын және оны жарататын мәңгі, шексіз, кемелді және өзгермейтін субъект ретінде береді. Абсолют болғандықтан, онымен байланыстырып қарастырылғандардың барлығы да абсолюттік негіз алып, ал онымен байланыспағандар салыстырмалы болып табылады. ... Читать дальше »

Просмотров: 580 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/01/2020 | Комментарии (2)

ҰЛ-ҚЫЗЫМ, САҒАН АЙТАМ...

Айтта, Наурызда, мереке күндерінде «құтты болсын» айтуды ұмытпа.

Танитын адамдарға қуанышына ортақтасуды немесе қайғысына көңіл айтуды ұмытпа.

Тәңірге, әруаққа, халыққа тіл тигізбе.

Ата-анаңа әдеппен сөйле, құрметпен қара, айтқанын сөзсіз орында және оларды әулие тұт.

Біреудің киімін (жақсы болса да) киюге әуестенбе.

Өнердің қай түрі болса да үйренуден жалықпа.

Туыс-туғандарыңды, нағашы жиендеріңді, тағы басқа ілік, құда, жекжаттармен жиі қатынасып, араласып-құраласып жүр. Оларды өзіңе жақын тұт.

Туған жеріңді ұмытпа. Ол жерге жиі барып тұр. Бір уыс топырағын үйінде қастерлеп сақта.

Ата-баба қорымдарына соғып, оларға дұға оқуды ұмытпа.

Біл, білме жолдағы қорымдарға дұға оқып, бет сипауды есіңнен шығара көрме.

Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей өтпе.

... Читать дальше »
Просмотров: 384 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/01/2020 | Комментарии (0)

INSTAGRAM ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНІҢ ТАРИХЫ ХАҚЫНДА

2006 жылдың көктемінде Кевин Систром Пало-Альтодағы (АҚШ) Caffé del Doge кафесі маңында тұрған кезде оның қасына Марк Цукерберг келеді. Ал содан бір жыл бұрын Цукерберг Кевинмен кешкі ас барысында оған Стэнфордтағы оқуын тастап, Facebook желісінің фото жобасын жүзеге асыруды ұсынады. Систром келісімін бермей кетеді.

«Оқу барысында стартап ашып, ақшаға кенелуге қызықпадым. Алдымен оқуды тәмамдап алу керек еді. Себебі Стэнфорд білімі мен үшін өте маңызды болатын. Ал Марктың идеясы ұтымды болса да, ... Читать дальше »

Просмотров: 339 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/01/2020 | Комментарии (0)

ӘЛЕМ БОЛМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ХАҚЫНДА

Әлбетте, адам өмірінің негізгі мақсатына жету үшін білім керек екені белгілі. Өмір мақсаты рухани негізде болғандықтан, әрине, ол білім де рухани болу керек екені түсінікті.

Рухани білім мен материалдық білімнің айырмашылығы неде? Әуелі осыны білім алайық. Рухани білім дегеніміз – жан, табиғат, Жаратушы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы білім. Бұл – толық білім. Егер осы абсолюттік білімнің Жаратушы туралы бөлігін алып тастайтын болсақ, онда ол материалдық білімге айналады. Материалдық білім адам сезімдеріне көрінетін тұрпайы және көрінбейтін нәзік материалдық әлемдер және олардың элементтерінің жан иелерімен қарым-қатынасын қарастырады. Материалдық білім негізгі себепті – Жаратушыны қарастырмайды. Сондықтан ол толық білімге жатпайды.

... Читать дальше »

Просмотров: 372 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/01/2020 | Комментарии (0)