11:36
Жетістіктің жүз қадамы

1-ҚАДАМ: АРМАНДАЙ БІЛЕЙІК, АРМАНЫМЫЗДЫ МАҚСАТҚА АЙНАЛДЫРАЙЫҚ!

Үлкен адам болу үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға.

  • Мұхтар Шаханов

Адам баласына өз мақсатына жету үшін үлкен арман керек. Біз армандай аламыз ба?! Біз өз болашағымызға сенеміз бе? Армандай білу, ол – өте керемет сезім. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деп дана халқымыз айтып кеткендей армандай білейік. Әрине, құр армандап отыра бергеннен ештеңе шықпайды. «Алма піс, аузыма түстің» ісі болады ол кезде.

Арманды қиялға емес, мақсатқа айналдыруға тиіспіз. Енді сіз былай істейсіз, қолыңызға бір дәптер алып немесе Word-қа мақсаттарыңызды жазасыз. Мейілінше көп жазуға тырысыңыз. Кішігірім істерді, үлкен әрі көп уақытты талап ететін мақсаттарыңызды да жазыңыз. Кемінде жетпіс мақсатыңызды жазып қойыңыз және оны күніне кемінде бір-екі рет оқып тұрсаңыз, бұл сізге зор қызығушылық береді.

Мақсаттарыңызды жаза беріңіз. Айталық, спортқа байланысты: жүгіру, жүзу, жаттығу залына бару секілді жаттығулар сізге мақсаттарыңызға жетуде таптырмас күш сыйлайды. Білімге байланысты: өзіңіздің санаңызды дамытуға арналған кітаптарды оқу, бейнежазбаларды көру, рухани біліміңізді дамыту, адамдармен қарым-қатынасыңызды дұрыстау. Өзіңіздің теріс қылықтарыңыз: ішімдіктерден, темекі, ойынханалар, түнгі клуб, ғаламторды бей-берекетсіз пайдалану, артық ұйқы секілді кеселдерден айырылу жолдарын және де өзіңізге не алғыңыз келеді, сол заттардың тізімін жазыңыз және соны белгілі бір уақытта аламын деп соған әрекет қылыңыз, бұл сізге өз нәтижесін толық береді.

Енді сіз толықтай мақсаттарыңызды жазып болғаннан кейін, бұл сіздің арман емес, мақсаттарыңызға айналады. Ендігі кезек мақсаттарды жазып болғаннан кейін, олардың жанына орындалатын уақытын жазыңыз және күн сайын мақсаттарыңызды жиі оқып тұрыңыз, бұл сізге талмас қанат сыйлайды.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 340 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: