23:22
Абай айнасы - рухани кемелдену

ӘЛЕМ БОЛМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ХАҚЫНДА

Ақиқатында, «Алла тағала Өзі – Хақиқат» деген Абай сөзіндегі «Хақиқат» сөзі тіршіліктің «ақиқат», «шындық» деген ұғымын емес, Алла тағалаға қатысты айтылып тұрғандықтан, ең жоғары ақиқатты, яғни абсолюттік ақиқатты білдіріп тұр. Ендеше Абай сөзін «Алла тағаланың Өзі – Абсолюттік ақиқат» деп түсінуге болады.

Философиялық сөздікте «абсолют» (лат. Absolutes – сөзсіз) деген ұғымды – «өзінен-өзі жеткілікті», яғни толық бүтін, асқа ештеңеге тәуелді емес, бүкіл болмысты қамтитын және оны жарататын мәңгі, шексіз, кемелді және өзгермейтін субъект ретінде береді. Абсолют болғандықтан, онымен байланыстырып қарастырылғандардың барлығы да абсолюттік негіз алып, ал онымен байланыспағандар салыстырмалы болып табылады. Философияда қандай да болмасын салыстырмалы (релятивтәк) болмыс түрін оның құбылыстармен қатынастары және байланыстары тұрғысынан, оларға тәуелді түрде сипаттайды. Абсолютті және салыстырмалы деген терминнің өзі болмысты түсіну үшін қолданылатын ұғымдар ғана. Абай ұғымы бойынша бүкіл әлемнің бір жаратушысы бар. Ол абсолют, яғни толық бүтін болатын болса, онда оның жаратқандарының барлығы да абсолютті, яғни толық бүтін болуға тиісті. Әйтпесе, Жаратушы абсолютті бола алмайды. Бұның өзі бүкіл бомыстың үйлесімділік тәртібін дәлелдей түсіп, оның түпкі мағынасына көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Абсолют тұрғысынан алып қарағанда салыстырмалы деген жоқ. Салыстырмалы деген ұғым болмыс құбылысын абсолюттен бөліп, жеке қарағанда пайда болады. Абсолюттен бөліп, Ол жаратқан материалдық табиғат аясында ғана қарастыратын болсақ, абсолют аспектісі салыстырмалыға ауысады. Материя дегеніміз осы. Әйтпесе, абсолют тұрғысынан алғанда материя деген жоқ, барлығы рухани.

Адамзат қоғамы болмысты абсолют тұрғысынан қарастыратындай дәрежеге әлі жеткен жоқ. Сондықтан фәни өмірде (әсіресе материалдық ғылымда) сезім мүшелерімен қабылданатын болмыстың салыстырмалы түрі ғана қарастырылады. Соның салдарынан кейде ғылымда абсолют ұғымы материалдық әлемге қатсты да қолданыла береді. Айталық, абсолютті температура, вакуум, жылдамдық, т.б., бірақ бұлардың барлығы материалдық белгілі бір жағдайға ғана байланысты. Жағдай өзгерсе, олар да өз мәнін өзгертеді. Абай «Алланың Өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінде «Замана, шаруа, мінез күнде өзгереді, ... Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес», - деп жазады. Сондықтан өзгермейтін Алламен байланыспаған қандай да болмасын құбылыс түрін абсолютке жатқызуға болмайды. Салыстырмалы сөзі абсолюттің белгілібір дәрежесін көрсетеді. Салыстырмалы ұғым біздің жетілу деңгейіміздің төмендігінен шығатынын Абай отыз сегізінші қара сөзінде былай деп түсіндіреді:

«Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім[i]ақыл ерістіре алмады. Алла тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге болмайды». Егер ақылымыз өлшеулі болса да, өмірімізді абсолютпен байланыстыратын болсақ, ол рухани болып, оның нәтижесі мүлде басқа болады.

Мұсылман дініндегі сопылық ілімде Алла тағаланы «Хақиқат» деп атау кеңінен етек алғаны белгілі. Сопылар ілімінде Абсолюттік ақиқат өте терең зерттеліп, тереңінен беріледі. Абай шығармаларынан оның бұл ілммен жақсы таныс болғаны байқалады. Абай мұсылман діні ғана емес, басқа да діни-философиялық ағымдармен жақсы таныс болып, оның ойы бүкіл адамзат ауқымында өріс алған.

Абсолюттік ақиқат Алла тағаланың Жаратушылық аспектісімен (қасиетімен) ғана шектелмей, бүкіл болмысты түгел қамтиды. Сондықтан Абсолюттік ақиқатты белгілі бір діни немесе қоғамдағы қалыптасқан түрлі парадигмалардың (көзқарастардың) ауқымында ғана қарастыруға болмайды. Керісінше, бүкіл болмыс – Абсолюттің аясындағы көрініс. Ол бүкіл болмысты қамтиды.

Хақиқаттың негізі абсолютті болғандықтан, Оның сипаттары, есімдері және Ол туралы ілім де өзгермейтін тұрақты мәңгілік. Бірақ уақыт ықпалымен бұл фәни әлемдегі адамдар ол мәңгілік ілімді ұмытып, қоғам өмірінде келеңсіз көріністер пайда бола бастайды. Сол кезде ұмытылған рухани принциптерді қалпына келтіру үшін, Абай сөзімен айтқанда «Оларға кез-кезімен» нәби (пайғамбар) келді». Олардың әкелген білімі барынша толық болады және түрлі тілдерде әр түрлі аталуы мүмкін, бірақ олардың барлығының да адамды дұрыс жолға салуға бағытталған негізі бір. Бұлар барынша толық білім беретіндіктен және бүкіл болмыстың түп тамырына қатысы болғандықтан оларды ілім деп атаймыз. «Ілім» деген сөздің өзі біздің тілге мұсылман діні арқылы енген арабтың Алланың бір сипатын білдіретін «Ғылым» деген сөзінен пайда болғанын осы арада тағы да ескертейік. Яғни «ілім» деген сөздің өзінің алғашқы мағынасы рухани болмысқа байланысты. Ал Абай мұрасы бүкіл Абсолюттік ақиқатты қамтитын толық білім болғандықтан, бұған барынша сәйкес келеді. Бұл жұмыстың бір мақсаты осы айтылған ойларды молырақ аша түсу болып табылады. Сондықтан оның бізге қалдырған рухани мұрасын біз «ілім» немесе «Абай ілімі» деп атаймыз. (жалғасы бар)

 
 
 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

 

 

 

[i] Данышпан, дана адам

Просмотров: 581 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 hswlh623  
0
43981 http://jackalclan.ru/forum/viewtopic.php?f=2&t=78845http://stebrov.cz/diskus/viewtopic.php?f=4&t=29712http://stebrov.cz/diskus/viewtopic.php?f=4&t=29714http://rallyandprotest.com/messageboard/viewtopic.php?f=4&t=453470http://mamaprim.ru/forum/viewtopic.php?f=10&t=163737 https://online.jhcsc.edu.ph/wiki/index.php/User:RobertFlaherty3 http://mcdonogh35archive.com/index.php?title=%D0%A2%D1%80%D0%B8%D0%B3%D0%B3%D0%B5%D1%80_%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B2%D1%8B%D0%B9_%D0%9A%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB_13_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F_U8_%E3%80%90_%D0%A2%D1%80%D0%B8%D0%B3%D0%B3%D0%B5%D1%80_%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B2%D1%8B%D0%B9_%D0%9A%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB_13_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F%E3%80%91._%22%D0%A2%D1%80%D0%B8%D0%B3%D0%B3%D0%B5%D1%80_%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B2%D1%8B%D0%B9_%D0%9A%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB_13_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F_Watch%22_C5 http://www.ergoplus.it/?option=com_k2&view=itemlist&task=user&id=1940613 https://online.jhcsc.edu.ph/wiki/index.php/%d0%9b%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bd%d0%b4%d0%b0_%d0%a4%d0%b5%d1%80%d1%80%d0%b0%d1%80%d0%b8_1_%d0%a1%d0%b5%d0%b7%d0%be%d0%bd_8_%d0%a1%d0%b5%d1%80%d0%b8%d1%8f_%22_17-01-2020_%d0%a1%d0%b5%d1%80%d0%b8_%d0%bb https://empty3.one/blogs/demoniakmachine.com/wikilibre//index.php?title=Utilisateur:BobbyBellino573

1 uzqzm785  
0
49287 http://www.ultraszilina.sk/oz-zf/414-nove-veci-vo-fanshope/?cp=4038#comment-701842http://affiliateforums.org/viewtopic.php?f=5&t=530067&p=729339#p729339http://forum.pesuniverse.com/viewtopic.php?f=12&t=67862&p=229309#p229309 https://sdk.rethinkrobotics.com/intera/%d0%91%d1%8d%d1%82%d0%b2%d1%83%d0%bc%d0%b5%d0%bd_Batwoman_15_%d0%a1%d0%b5%d1%80%d0%b8%d1%8f_16-01-2020 https://www.tramedicomunita.it/wiki/index.php?title=%D0%91%D1%8D%D1%82%D0%B2%D1%83%D0%BC%D0%B5%D0%BD_Batwoman_18_%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F_%D0%A1%D0%9C%D0%9E%D0%A2%D0%A0%D0%95%D0%A2%D0%AC_16-01-2020 http://coutureconfectionsny.com/2020/01/%d1%85%d1%83%d0%b4%d1%88%d0%b0%d1%8f-%d0%bf%d0%be%d0%b4%d1%80%d1%83%d0%b3%d0%b0-2020-9-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d1%8f-16-01-2020-hd-720/ http://mrtookles.com/?p=66341 http://mrtookles.com/?p=66373 http://st20a.ru/2020/01/16/%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bd%d0%b4-3-%d1%81%d0%b5%d0%b7%d0%be%d0%bd-4-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d1%8f-16-01-2020-%d1%81%d0%bc%d0%be%d1%82%d1%80%d0%b5%d1%82%d1%8c-%d0%b2-hd-%d0%ba%d0%b0%d1%87%d0%b5-2/ http://st20a.ru/2020/01/16/%d1%8d%d0%bf%d0%b8%d0%b4%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d1%8f-9-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d1%8f-16-01-2020-%d1%81%d0%bc%d0%be%d1%82%d1%80%d0%b5%d1%82%d1%8c-online/

Имя *:
Email *:
Код *: