22:19
Риясыз рух

ҚАЙРАТ-ЖІГЕР

Мына мәселені естен шығармау керек. Егер қайрат-жігер өз функциясын атқармаса, адам кері кетеді. Ондай адамға әлсіздік, жалқаулық, ынжықтық т.с.с. сүйкімсіз әдеттер үйіркеледі. Мұның бәрін бойдан сілкіп тастауға көмектесетін – осы қайрат-жігер аттың рухың қасиеті. Бойда сілкініс болмаса, адам бірте-бірте рухани ұйқыға бата бастайды. Абай мұны тамаша жеткізген. Өлеңінде:

Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек? – дейді.

Абай келесі бір өлеңінде қайрат-жігерге басқа бір қырынан анықтама береді. Қайрат-жігердің маңыздылығын аша түсіп оны – тоқтаулылық, қалыпты жағдай мен шыдамдылықтың негізі деп көрсетеді.

Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық,

Бұл – қайраттан шығады, білсең керек, - дейді.

Адамның жетістікке жетуі белгілі бір уақытты талап етері анық. Өмірдің заңдылығы да сол – бәрі бірден, оп-оңай бола салмайды. Ол үшін уақыт, қажыр-қайрат, төзімділік және күнделікті еңбек қажет.

Америкалық жазушы Томас Пейн: «Жеңілдің үстімен жүріп, оңай қол жеткізген нәрсенің құны жоқ. Нағыз бағалы әрі құнды нәрсе еңбекпен келеді», - деген. Адамның тұлға болып жетілуі – өте нәзік құбылыс және ең ізгі амалдың бірі. Адамның бойдағы күш-қайраты мен ерік-жігерін өзін кемелдендіруге жұмсаудан асқан нәрсе жоқ.

Абдул Фаттах әбу Ғудда өзінің «Қимәту әз-зәмән индәл ғуләмәә – Ғұламалар назарында уақыттың қадірі» атты еңбегінде Ибн Жарирдің 40 жыл бойы күніне 40 парақ еңбек жазғандығы жайында дерек келтіреді: «Ибн Жәрирдің шәкірті – Әбу Мұхаммад Абдулла ибн Ахмад ибн Жағфар әл-Фәрғани «Тарих Ибн Жәрир» және «Сылә» атты әйгілі еңбегінде ұстазының (Ибн Жәрирдің) балиғат жасынан өлім сәтіне дейінгі сүрген күндерін санайды. 86 жыл өмір сүрген екен. Сондай-ақ жазған барлық еңбектерін де күндерге бөледі. Сонда күніне 14 парақтан келеді. Әбу Ғудда осы деректі келтіргеннен кейін сөзін жалғап былай дейді. «Алла тағала неткен ұлық! Байқайсыз ба?! Талпыныс пен ынта және қайрат-жігер адамды қаншалықты үлкен жетістіктерге жеткіеді!»

Ислам көзқарасында қуатты мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда қайырлы әрі Аллаға сүйіктірек болып саналады. Ал осы қуаттылықты адам бойына дарытып, ұстап тұратын – бойдағы қайрат-жігер. Адам өзін жігерлендірген уақытта бойдағы қуаты да арта түседі. Бұған өзін жігерлендірген уақытта бойдағы қуаты да арта түседі. Бұған қатысты хадисте: «Қуатты мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда қайырлы әрі Аллаға сүйіктірек. Бірақ екеуінде де қайыр бар! Өзіңе пайдалы болған іске ұмтыл. Алладан жәрдем сұра және әлсіздік һәм жігерсіздік танытпа!» делінеді.

Хадисте келген «әл-қауи», яғни «қуатты» сөзі, адамға берліген барлық потенциалды қамтиды. Ол рухани, интеллектуалды, эмоциялық, физиологиялық және материалдық қуат.

Мұның бәрі хадистегі «қуатты» сөзінің аясына кіреді. Демек, осы потенциалдарды жетілдіріп, жан-жақты дамыған әрі қуатты мұсылманға айналу, адамды «қайырлылық» статусы мен «сүйікті болу» мәртебесіне ұластырады. Хадис бойдағы потенциалды белгілі бір себеппен дамытпаған мұсылманды әлсіз мұсылманның қатарына қосқан. Алайда жүрегіндегі иманы себепті, оның да Алла алдында мәртебесі барына ишарат етіп, «Екеуінде де қайыр бар» дейді. Одан кейінгі сөз мұсылманға, бұ дүние мен ақыретте пайда келтіретін іске ұмтылып, зияндыны тастау керектігін үйретеді. Хадистің астарлы мағынасы мұсылманды әлсіздік пен жігерсіздік танытпауға шақырған. Бір сөзбен айтқанда, өзін іштей қайраттандырып, жігерлендіріп отыруды насихат қылады. Себебі адамдағы қуаттылық пен тұрақтылықты сақтап тұратын фактордың бірі – оның қайрат-жігері. Сондықтан адам әрдайым өзін іштей жігерлендіріп, пайдалы істердің арасынан табылуға күш салуы тиіс. Бұған көмектесетін бұған дейін айтылған «Мен істеймін», «Мен істемеймін» және «Мен ұнатамын, мен қалаймын» деген сұрақтарға қатысты ерік-жігер мен нақты шешімнің және табанды іс-әрекеттің болуы.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 120 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: