22:57
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

461. Шынайы мұсылман басқаның айыбын бетіне басып, қарғап, лағнет айтпайды, сондай-ақ өте аңқау, сенгіш те болмайды.

462. Нағыз дұшпаның – өліспей беріспейтін қас жауың емес (одан сақтана аласың), өзіңнің қанды қазаның болып табылатын (тілазар, кежір) перзенттерін мен қолындағы мол дәулетің.

463. Ешкім ешкімнен артық емес. Артықтық тек діннің тазалығында және салық істерінің бөлінуінде болуы мүмкін. Бейәдеп сөйлейтін, сараң, қорқақ адам үшін жаман сипаттар (қасиеттер) елеусіз нәрседей көрінеді.

464. Ырым жасаушы немесе ырым жасатушы, бал ашушы немесе бал аштырушы, сиқырлаушы немесе сиқырлатушы мұсылман емес.

465. Достарын алдаушы, оларға зиян келтіруші немесе оларға амал-айла жасаушы адам бізбен (мұсылмандармен) бірге емес.

466. Кімде-кім кішілерге рақым-шапағатты, үлкендерге ізет-құрметті болмаса, олар бізбен (мұсылмандармен) бірге емес.

467. Қаскүнемдік, жалақорлық және балгерлік... мен олардан мүлдем аулақпын.

468. Адам өзі адамның бір ісіне жарамаса да, өзін аспаннан түскен сүйіктісіндей көруді ұнатады.

469. Егер саған өзің сұарамай-ақ, яки күтпеген жерден Алла патшалық қазынасынан мол несібе сыйласа, оны жей бер және өзіңнің меншігің етіп ал.

470. Менің анауым бар, мынауым бар дегенді ұнатпаймын.

471. Адам досы үшін даналық сөзден еш нәрсе сыйлай алмайды. Өйткені сол даналық арқылы Алла оны тура жолға салады, әйтпесе жаман жолдан сақтайды.

472. Әйелін құлша сабап, содан соң кешкісін онымен бірге жататаын қандай еркек?

473. Діліңде бірер шүбә пайда болса, дереу оны жоюға тырыс.

474. Өз қызметкерлеріңнің жұмысын жеңілдетсең, қиямет күні сенің таразыдағы сауабың көбеймекші.

475. Пенденің мол дүниеге жасаған ашкөздігі – екі-үш қасқырдың қой отарына тигендегі қырғынынан зиянды. Өйткені бұл ниетімен ол дініне, иманына залалын тигізед.

476. Жәбірейіл маған үнемі көршіге жақсылық жасауды ниет ететін еді, сонда мен әуелі көршіге мұра қалдырған жөн шығар деп ойлаушы едім. Қызметшілермен де дәл сондай жақсы қатынаста болуды айтушы еді, тіпті кесімді бір уақыт белгіленсе, сол мерзімішінде құлдар азат болса деп ойлар едім.

477. адамдар бірге бара жатқан жолында өзара жанжалдаспаса, адасып кетпейді.

478. Кім өмірде үнемшіл болса, сол ешқашан кедейленбейді.

479. Пенде өз істеген күнәсына өкініп, қынжылған сәтте, ол ғапу өтінбесе де Алла оның күнәсін кешіріп жібереді.

480. Пенде қайыр-садақа беріп, адамгершіліктің есігін ашса, Алла оның мал-мүлкіне береке береді. Егер ол қайырсыздың есігін ашса, Алла оның атағын өшіреді.

481. Адам баласы үшін намаз, жарасымды жақсы сөз және мейірімділіктен абзал іс жоқ.

482. Тірі хайуаннан кесіліп алынған бір кесек ет – өлексемен бірдей.

483. Әрбір ұятсыз, арсыз жан қандай жақсы нәрселерді бүлдірсе, әрбір арлы, ұятты жаг әр нәрсеге әсемдік, жақсылық сыйлайды.

484. Сыпайылық әр нәрсеге көрік береді. Қай істе сыпайылық болмаса, сол іс бұзылады.

485. Қайсыбір істі жұрттың көзінше істеу ұят деп білсең, оны жалғыз қалғаныңда да істеме.

486. адам көңілінде де кәдімгі Ай бетіндегідей дақ бар. Ай жарқырап тұрғанда оны тосыннан бір бұлт келіп бүркей қойса, қараңғы, бұлт сейіле, қайта жарқырайтыны сияқты көңіл де кейде көтеріңкі, кейде жабырқаңқы болады.

487. Өлімнен кейін өкінбейтін адам жоқ. Жақсы адамдар бұл дүниеде қайырлы істерді молырақ атқара алмағанына өкінсе, жаман адамдар жамандығынан қайтып, тәуба қылмағандығына өкінеді.

488. Қайсыбіреу мұсылман досының басына қайғылы іс түсіп, абырой-атағына зиян тиіп тұрғанда жәрдем қолын созбаса, өзінің басына да ауыр іс түсіп, құтқаруды тілегенде, Алла оған жәрдем бермейді. Егер, керісінше, досына жәрдем қолын созса, Алла да оның мұқтажына медет болады.

489. Алла алдында ашуды жұтып қоюдан артық сауап жоқ.

490. Күнәнің ішінде Аллаға шәк келтіргеннен кейінгі ауыр күнә – шәуетіңді өз әйеліңнен басқа әйелге сарп ету.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 446 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: