10:54
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

431. Әлсіздері әлділерінен ақыларын өндіріп ала алмайтын халықты Алла қалай ұлық етсін?!

432. Даналық сөз – мұсылмандардың жоғалтқан (іздеп жүрген) нәрсесі. Оны қай жерден тапса, сол жерден сіңіріп алуға хақылы.

433. Аса құрметті пайғамбарымыз қашанда жас балалармен кездесе қалғанда, олардан бұрын өзі сәлем беретін еді.

434. Арқан алып, таудан отын теріп келіп, оны сатып жеп және садақа берген адам – қайыр тілеп күн кешетіндерден жақсы.

435. Адамның хал-жағдайы бар, сау кезінде бір рет берген садақасы – өлер алдындағы жүз мәрте берген садақасынан абзал.

436. Қабір үстіне отырғаннан гөрі – шоқ үстіне отырып, киімімен бірге өртеніп кеткен жақсы.

437. Зинақорлық та, ұрлық та – жаман әдет. Көршісінің әйелімен көңілдес болу – зинақорлықтың ең жаманы. Көршінің үйін тонау – ұрлықтың ең жаманы.

438. Біреудің киімін сұрап кигеннен гөрі – жыртық болса да өз киіміңмен жүргенін жақсы.

439. Қайғылы жағдайға тап болғанда бетін жұлып, киімін жыртып, өзін-өзі қарғап-сілейтін долы жанға – Тәңір лағнет айтады.

440. Пара беруші, оны алушы және екеуінің арасында жүрушіні де Құдай қарғасын!

441. Әйелдің киімін киетін еркектерді, еркектің киімін киетін әйелдерді Құдай қарғасын!

442. Ата-анасы қарғағанды Құдай қарғайды. Үй хайуанын соғушыларды Құдай қарғасын!

443. Мұсылманды қарғау – оны өлтірумен бірдей. Өзін-өзі өлтірген адам – қиямет күні тиісті жазасын тартады.

444. Адамның көңілі қайнап тұрған қазаннан да өзгергіш келеді.

445. Әрбір нәрсенің бұзушы апаты бар. Діннің апаты – қара ниетті билеушілер.

446. Әр нәрсенің кілті бар. Жанның кілті – мұқтаж, кембағалдарды сүю.

447. Есік, терезесі жоқ, бітеу тастың үстінде тұрып істеген ісіңді де адамдар естіп біле береді.

448. Тілмаштық дегеннің не екенін білген болса, біреуден біреу ештеңе сұрамас еді.

449. Егер біреуді дәлел-себепсіз таспен ұру мүмкін болса, мен алдымен жезөкше әйелдерді соғар едім.

450. егер сендердің тілсіз хайуандарға жасаған зұлымдықтарың кешірілетін болса, онда көп күәларын кешірілген болар еді.

451. Адамға бір кең алқап толған мал бітсе, ол тағы да екінші алқап толатындай малының болуын тілейді. Екіншісінен кейін үшіншісін, тағы-тағысын тілейді. Қысқасы, адамның нәпсісі тоймайды. Адамның көзін тек қана топырақ (қабір топырағы) тойдырады. Кім тәуба қылса, Алла соны кешіреді.

452. Егер қиыншылық тудырмайтын болса, әр намаздың алдында тістерін жуып, иіс суқұюды бұйырар едім.

453. Жаяу келе жатқанға – атты адам; отырғанға – жүріп келе жатқан адам; көпшілікке – азшылық сәлем берсін. Сәлемді алса жақсы, алмаса, сәлем берушіге ешбір зияны жоқ.

454. Адам жақсылық жасау ниетімен уәде беріп, бірақ оны орындаудың мүмкіндігі болмай қалса, ол уәде бұзғандыққа жатпайды. Алайды опасыздық ету ниетімен уәде берген болса, қылаптық болады.

455. Күреске түсіп жыққан адам емес, ашу үстінде өзін ұстай білген адам күшті.

456. Ораза тек ішіп-жеуден сақтануды ғана емес, бейәдеп жаман сөздерден сақтануды қажет етеді. Егер біреу сені сөксе, сен оған: «Менің аузым ораза еді», - деп себеп айт.

457. Байлық – дүние мен малдың көптігі емес, нәпсінің тоқтығы.

458. Адамдарды жарастыру үшін оларға жақсы сөздерді тасыған адам – өтірікшіге жатпайды.

459. Қасындағы көршісі аш отырғанда, өз қарнын тойғызып қана жүрген адамның мұсылмандығы – кәміл емес.

460. Адамдарды тыныштандыру, араздарды татуластыру үшін айтылған өтіріктің зияны жоқ.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 437 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: