22:21 Көркем сөздің құдіреті | |
ҚОМСЫНУ Азсыну, көңілі толмау, менсінбеу, жақтырмау
Қарайды да алтынға, Қомсынады "аз ғой",— деп, "Қыстау керек, үй керек, Сән-салтанат, расход көп. (Абай, Жарлы бай (Крыловтан))
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым. Қанағат азға деген, жоққа сабыр, Қомсынып қоңырайма, кұрбыларым! (А.Байтұрсынұлы, Замандастарыма)
Нәрсем болса бергендей Әлдеқашан сатпас пем. Серінің сөзін қомсынып, Сен, ит, сенбей тұрмысың (Ж.Аймауытов шығармасынан)
Ортасында осынау бір қоныстың Қомсынады ол бір өзін. Буырқанған тройкадай орыстың Ұнатады ол мінезін. (М.Мақатаев, Ильич)
Қыз қадірін түсіріп, Емес мұным қомсыну. Әйтсе де не түсініп Отыр дейсің сол сұлу! (Қ.Мырза Әли, "Көш" жинағынан) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |