22:59 Имандылық ишараттары | |
БАЛАҒА БІЛІМ БЕРУ Білім алу жайлы Алла тағаланың қасиетті кітабы былай деген: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастар болған оттан (тозақ отынан) құтқарыңдар» («Тахрим» сүресі, 6-аят). Бұл аяттардың мағынасын Әли ибн Әбутәліп (р.а.): «оларға ғылым-білім үйретіп, әдепке баулыңдар», - деп түсінік берген. Ал Хасан Басри: «Аллаһқа мойынсұнуға бұйырып, ізгілікті үйретіңдер», - деп келтіреді. Хакимнің ибн Аббастан риуаят еткен хадисінде Пайғамбар (с.ғ.с.): «Сәбилеріңнің алғашқы сөзін «Лә иләһә иллалламен» ашыңдар әрі өлер кезінде оларға «Лә иләһә иллалланы» айтқызыңдар», - деп келеді. Ал, Табаранидің Мұғжамында Жәбір ибн Сумрадан жеткен хадисте Аллаһтың елшісі (с.ғ.с.): «Біреулеріңнің баласына әдеп үйретуі оған әрбір күні садақа бергенінен артық», - деген. Дінді зайырлы тұрғыда түсіну керек деген үлкен мәселе бар. Дінді дұрыс түсіну және дұрыс түсіндіре білу керек. Сондай жұмыстар жүргізілмегендіктен. Біздің жастарымыздың қасыбірі басқа дінге кетіп жатыр. Дінді көбіміз түсінбейміз, түсінбеген соң түсіндіре алмаймыз. Сол үшін бізге Исламдық бағыттағы ағартушылық қажет. Айталық, татарларда 1926 жылдары жадидизм деген болған. Олар сол арқылы татар халқының ішінде Ислам дінінің тұғырын биіктетуді, салмағын арттыруды көздеген. Бізде солар сияқты батыл да ашық қадамдарға баруымыз, еліміздегі Ислам дінінің тұғырын мызғымайтын өтуіміз қажет. Екінші, бір үлкен мәселе дінді ғылыми тұрғыдан тану, яғни дін бұл – ғылым. Осы тұста мынаны анықтау керек: діндар мен діни ғалымның аражігін ашу керек. Олай дейтініміз, діни ғалым бар да, діндар бар. Демек, діни ғалым бар болса, онда діни ақын да болары анық. «Мұхаммед Хайдар Дулати діни тұрғыдан өте сауатты болған. Онысы Құранның сүрелері мен аяттарынан алған үзінділерді орны-орнымен қолданғанынан көрініп тұр. Діни ғалым бар да, діндар бар. Екеуінің айырмашылығы мынада. Діндар – Ислам дінін бір кісідей біле отырып, шариғат талаптарын күнделікті бұлжытпай орындайды. Ал діни ғалым – өзі ұстанған діннің қыры мен сырын терең біледі және өзге де діндерден мағлұматтары жетерлік жан. Осы орайда Мұхаммед Хайдар Дулатиді діни ғалым дегеніміз жөн шығар», - дейді ғалым И.Жеменей. Олай болса, дінді ғылыми тұрғыда терең меңгерген маманды діни ғалым дейміз, шариғат амалдарын күнделікті бұлжытпай орындап жүргендерді діндар дейміз. Ал ХХІ ғасырдағы жаһандану дәуірінде тәрбие мен білім алуда бір жақтылық байқалады. Бұл сөзімізге қазіргі қоғамымыздағы болып жатқан неше түрлі сұрқия әрекеттер. Оның бастысы білімсіздің матриалдық жетістігінің білімдінің алдында көрінуі. Яғни білімсіз де көп нәрселерге жетуге болатындығының мысалы. Расында, бүгінде екі адамның басы қосылса болғаны олардың айтары елдің экономикалық жағдайы мен байлықтың көзі сөз болады. Ал адамның рухани жан дүниесі жайлы сөз де қозғалмайды. Білімнің өзі сөз болған тұста ақшаң болса болды кез келген дипломды сатып алуға боладының кейпін келтіреді. Бұл білімнің инемен құдық қазғанындай емес, ақшаның соңынан кететіндей көрініс табуы. Өкінішке орай, қоғам осындай дертке шалдықты. Кез келген нәрсе ақшамен өлшенген тұста оның осылай болуы да заңды. Иә, мұндай ортада ата-ана баланың тек қана материалдық жағының жақсаруын көздегендіктен баянсыз байлықтың соңына түсіп, негізгі нәрселердің барлығын мүлде ұмытып кете беруі мүмкін. Десе де, келешек ұрпағымыздың қоғамда өзіне лайықты орнын таба білуін ұғынсақ, онда баламыздың білім алуы қашанда маңызды екендігін ұмытпаған жөн. Материалдық қажеттілік те өте маңызды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Балаңызды өз заманынан қалдырмаңыз» деген. Олай болса, баланың өз қатарынан қалмағанын қамтамасыз ету ата-ананың міндеті. Бірақ күнделікті күйбелең тіршілікпен айналысып, үйдегі баланың жағдайына мән бермеу, одан да сорақы. Күнделікті шаруадан кешкісін үйге келгесін баласының үйде жүргенімен өзін жұбатып, таң атпай қайнаған тіршіліктің көкпарына қайта еніп, кешке тағы да сол күндегі жайды қайталау, балаға қажетті назар салудан аластатады. Айталық, құрылысшы әке тұрғызып жатқан үйінің әрбір қышына мән берсе, базардағы ана сатып отырған затынан алданып қалмай үйге табыспен оралуды көздейді. Ал баласының ойы, онымен сырласу, кімдермен араласыпжүргендігі, күнделікті сабағын оқыған-оқымағандығы, болашақ өмірге дайындығы мен арман-мақсаттары тыңдалмай ескерусіз қала береді. Бала көшедегі көрген-білгендерін әке деп санаса, үйдегі теледидары мен жүгенсіз кеткен ғаламтордағы бұзақы көріністері анасы болуда. Яғни, көше – әке, теледидардағы неше түрлі ақпараттар – ана болып шыға келеді. Ата-анасынан тірідей айырылғандардың қатарына осындай жастарды жатқызуға болар еді. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |