22:25
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ ТҮСІ және ЕН-ТАҢБА

Ен-таңба арқылы түстеу

Ерте кезде жылқыға ен салу және таңбалаудың маңызы зор болған.

Біріншіден, қазақтың әр ру-тайпаларында өздеріне тән жеке-жеке таңбасы болған. Енді малдың құлағына салса, таңбаны жылқының мінер жақ санының ортасына таман қалың етіне сыртынан күйдіріп басады. Көлденең адамдар жылқының таңбасына қарап қай рудың, кімнің малы екенін айтпай-ақ біле береді.

Екіншіден, үлкен рудан бөлініп жеке шыққан шағын аталықтар ру ақсақалдарының ұйғаруымен жеке таңбаға ие болып, өздеріне меншік ретінде еншілеп алған малдарына басатын дәстүрлі ұстанған. Осыған қарағанда таңба көшпенділер үшін геральдикалық маңызға ие.

Үшіншіден, ертедегі жаугершілік заманда ел шетіне жау келсе хан жарлығымен ел қорғайтын әскери жасақ үшін елден жылқы түлігін жинап қордаластырған. Осы шаруаны орындаушылар жылқылардың таңбасына қарап қай рудан қанша жылқы жиналғанын біліп отырған.

Ен салу. Таңба жылқыға күйдіріліп басылатын болса, ен құлағына қиып немесе кесу арқылы салынады. Қазақ халқының тұрмыстық ғұрпында жаңадан отау құрып, бөлек шыққан жас отбасына ауыл ақсақалдары немесе ата-анасы еншісіне мал беріп, оған жаңалап ен салып беретін болған. Ен салғанда малдың оң және сол құлағына алмастыра немесе қатар салады.

Одан кейін көктемде, яғни шыбын шыққаннан (құрттап кетпес үшін) бұрын сол жылы туған жас төлдерге ен салады. Ол үшін өте өткір шағын пышақ қолданады. Кез келген адам ен сала бермейді. Қолы жаттыққан және арнайы құралы бар оташылар атқарады.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 125 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: