15:34 Аққулы (Лебяжі) ауданына – 80 жыл! | |
Первомайка / Шақа ауылдық кеңесінің бұрынғы ауылдық елді мекені. Елді мекен атауы 1 Мамыр – Халықаралық еңбекшілер күні (қазір Қазақстан Республикасы халықтары бірілігі күні) құрметіне байланысты қойылған. Қазір Шарбақты ауданы Шалдай округіне қарасты аумақ. Перекат / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округі елді мекенінен Петровка / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округінің қонысы болған. Шақа елді мекенінен Подпуск (Босбос) / Ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округі «Бесқарағай» мемлекеттік асыл тұқымды қой зауытының бұрынғы бөлімшесі. Елді мекен Ертіс өзенінің оң жағасында, ауылдық аймақтың орталығы Бесқарағай елді мекенінен Сазқұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округінің бөлімшесі болған. Сазқұдық – «сазды жердегі құдығы бар (қоныс)». Самарбет / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округі. Жамбыл елді мекенінен Сарыөзек / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің бөлімшесі болған. Ауылдық округ орталығы Майқарағай елді мекенінен Сасыққұдық / Лебяжі ауылдық округінің бұрынғы ауылдық елді мекені. Сасыққұдық – «иісі жаман құдығы бар (қоныс), суы тұрып қалған құдық». 1938 жылы елді мекенде «Игілік» ұжымшары құрылған, ол 1944 жылы Жамбыл атындағы ұжымшар болып өзгертілген. 1939 жылға дейін елді мекен, ұжымшар Бесқарағай ауданына қараған. Сасықоба / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай округінің мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Майқарағай ауылынан Сенбі / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қазы ауылдық округінің қонысы. Қазы елді мекенінен Серікбазы / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округі орталығынан Солнечный / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Баймолдин ауылдық округінің қонысы. Семей облысы Павлодар уезінің Крестьянский болысында 1914 жылы қоныс аударушы шаруалар Солнечный ауылының негізін қалады. 1926 жылы Бүкілодақтық халық санағының мәліметтері бойынша Романов ауылдық кеңесінің Солнечный ауылында 35 шаруашылық болып, 183 адам тұрған (оның ішінде 88 ер адам, 95 әйел адам). Елді мекеннің қазіргі атауы Тақыр болып өзгертілді. Солтүстік бозалаң / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округі «Бесқарағай» орман шаруашылығының бөлімшесі болған. Ауылдық кеңес орталығы Шақа елді мекенінен Стахан / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округінің бөлімшесі болған. Жамбыл елді мекенінен Тайбағар / Бұрынғы ауылдық елді мекен. Тайбағар (Арғын-Бәсентиін ішіндегі ру атасы), адам атымен аталған қоныс. 1935 жылы елді мекенде «Бәйімбет» ұжымшары құрылды, ол 1941 жылы Амангелді атындағы ұжымшар болып өзгертілді. Шақа ауылдық округіне қарады. Тақыр / Ауылдық елді мекен, Баймолдин ауылдық округінің бұрынғы бөлімшесі. Ауылдық аймақтың орталығы Баймолдин елді мекенінен Талдықұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округі «Бесқарағай» орман шаруашылығының кордоны. Шақа ауылынан Тарақты / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округіне қараған. Тарақты – геноним, тура мағынада «тарақ сияқты» тарақ түріндегі таңбасы бар Орта жүз руының атауы. Тасболат / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің Майқарағай елді мекенінен Тегістік / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округінің «Бесқарағай» асыл тұқымды қой зауытының бөлімшесі болған. Ауылдық округ орталығы Бесқарағай елді мекенінен Тельман / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл атындағы кеңшардың бөлімшесі болған. Халқының саны 15 адамды (1970 жылы) құраған. Елді мекен атауы халықаралық коммунистік қозғалыс көсемі, неміс қайраткері Эрнст Тельман (1886-1944) құрметіне байланысты қойылған. Қазіргі уақытта жойылып кеткен атау. Тереңкөл / Ауылдық елді мекен, Баймолдин ауылдық округінің бөлімшесі. Ауылдық округ орталығы Баймолдин елді мекенінен Тереңқұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округінің «Бесқарағай» асыл тұқымды қой зауытының бөлімшесі болған. Ауылдық округ орталығы Бесқарағай елді мекенінен
Тоғызқұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Баймолдин ауылдық округінің бөлімшесі. Баймолдин елді мекенінен Тоғызқұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің қонысы. Халқының саны 8 адам (1970 жылы) болған. Тоғызқұдық – «ттоғыз құдығы бар қоныс», «су қоры мол» дегенді білдіреді. Төртсары / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің қонысы. Халқының саны 15 адам (1970 жылы) болған. Төртсары тура мағынада «төрт сары» – геноним, Арғын тайпасының Бәсентиін ішіндегі ру тармағы. Төсағаш / Ауылдық елді мекен. Округ орталығы Шарбақты ауылынан Тілектес / Ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округі «Қызылқоғам» кеңшарының бұрынғы бөлімшесі. Ауылдық округ орталығы Ямышево елді мекенінен Тілеуберді / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің бөлімшесі, халқының саны 20 адам (1970 жылы) болған. Тілеуберді – патроним, геноним (Бұлтын-Қыпшақ-Сүйіндік-Арғындардың бір тармағы). Антропонимнен туындаған. (жалғасы бар) әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |