ЖАРАТУШЫ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

Әлбетте, Құдайды көру үшін соған лайық рухани көз болу керек екенін білеміз. Ал ол кімде бар? Бұл фәни өмірді ықпалында жүргендердің көздері шелмен жабылып, жүректері қарайған. Оларға мынадай төрт кемшілік тән.

Біріншісі, адам баласы қателік жіберуге бейім. Тіпті таңдаулы, ұлы деген адамдардың өздері қателікке ұрынып жатады. Себебі ол өзінің ақыл-есіне сүйенеді. Ал адамның ақылы, Абай айтқандай, шектеулі.

Екіншісі, адамның жанын тәні билеп кеткендіктен, өзін тәнге балап, түпі нұсқасының жа екенін ұмытуы. Бұл оның өмір мақсатына, іс-әрекет, мінез-құлық, тіпті бүкіл болмысна кері әсер етеді. Оның бүкіл өмірінің мән-мәнісі осыған байланысты.

Үшіншісі, алдауға бейімділік. Себебі Абсолюттік ақиқатты білмегендіктен, өзіміз ... Читать дальше »

Просмотров: 641 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 31/01/2020 | Комментарии (12)

100 ТАҒЫЛЫМ

11. Еліңнің ауыр жүгін көтеріп, аз қуанып, көп қиналғың келсе – ақыл бол (Бердақ).

12. Борышқа батқан, ауру қысқан, көкдолы әйелге душар болған, жауы жағасынан алған адамда ұйқы болмайды.

13. Бес түрлі адам тірі болса да өлікпен тең, олар: кедей, ауру, есалаң, қуғындалушы, малай.

14. Жақсы адамдарды өзінің адамгершілігі үшін, орташа адамдарды әкелері үшін, төмен адамдарды балалары үшін, нашар (жағымсыз) адамдарды қайын атасы үшін қадірлейді.

15. Өміріңе қауіп-қатер төніп тұрса да, ел-жұртың ұялатын, руыңа кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.

16. Солдат өлсе орнын толтыруға болар, ал ақын өлсе оның орнын толтыру мүмкін емес (Наполеон).

17. Еркекте сегіз түрлі қасиет болсын, олар: игі мінез; ізгі қасиет; әйелмен сөйлескенде әдепті; сыпайы болсын, жұрт сыйлайтын адамды жақсы көріп, құрмет тұтсын; жауының алды ... Читать дальше »

Просмотров: 464 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 31/01/2020 | Комментарии (2)

2-ҚАДАМ: ЕҢБЕКҚОРЛЫҒЫҢЫЗДЫ ДАМЫТЫҢЫЗ

Таза, адал дүние еңбекпен табылады. Сауда және сапарға шығу – қадірлі іс, құрметке лайықты, ел аралық достықтың негізі

  • Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)

Мақсатты тек жазып қойып, оны күнделікті екі-үш рет оқып қана қойып, мақсатқа талпынбау сізді табысқа жеткізбейді, мұны айтпасақ та түсінікті. Енді біз не істейміз, әрине, бірінші өзіміздің еңбекқорлық қабілетімізді дамыту жолдарына көшеміз. Оның бірінші қадамының бірі – ерте жатып, ерте тұруды әдетке айналдыру болып табылады. Таңертеңгі сағат бес-алтыда тұратын болсаңыз, бойыңызда жалқаулықтың элементтері азая бастайды. «Ерте тұратын жалқау адам жоқ& ... Читать дальше »

Просмотров: 372 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 31/01/2020 | Комментарии (0)

ПӘКІЗЕ

  1. Таза, саф; 2) Пәк, кіршіксіз, бейкүнә.

Мысалдар:

  1. Енді бұрынғы біздерге уағда қылған Шолан деген жерлерге, екі жерге: Құм, Жиделі деген жайларда болса біздер барып жауап беруге таярмыз. Халқымыздың ортасы деп шақырдық. Жері жақсы: суы пәкізе жайларда жауап анықдары үшін. (Исатай Тайманұлының Орал әскери атаманына жазған хатынан)
  2. Малды пәкізелеп сойып, боқты-ішегіне дейін тазалап қоржынға салып алады. (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш)
  3. Оның үстіне тамақ ізірлеушіміз де анау-мынау адам емес, бір бәкізе [Ольганы айтады]. (Жекен Жұмаханов, Жазылмаған кітап)
  4. Сенің қалтаңдағы алтынның бәрі осындайдан жиналған болса, кәне, сендердің кереметтіктерің, бәкізеліктерің қайсы. (Сара Мыңжасарова, Қыр қыздары)

 

ОМАҚАСУ

... Читать дальше »
Просмотров: 469 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 31/01/2020 | Комментарии (0)

УАҚЫТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

«Уақытқа тіл тигізбеңдер, себебі оны да жаратқан – Алла тағала»

(хадис)

Уақыт – аманат. Алла Тағала Құранда «Ғасырға серт!» деп уақытқа бекер ант етпесе керек.[i]

Алла Тағаланың ешкімді бөліп-жармай, бір-бірінен өзгешелемей барлығына бірдей етіп берген бірден-бір нығметі – уақыт. Барша адамның өмірінде күнделікті 24 сағат бар. Сондықтан да уақыт тұрғысынан «миллионерлер» бо ... Читать дальше »

Просмотров: 400 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 31/01/2020 | Комментарии (0)

ҒАЛАМТОРСЫЗ АҚПАРАТ ЖИНАУ

Жаһанда жеті миллиардтан аса халық болса, соның жетпіс пайызы ғаламтор арқылы ақпарат алады және олардың саны жыл санап артып келеді. Ал ғаламтор болмаған жағдайда ақпарат алу мүмкін бе? Оның жолдары қандай? Журналистер жаңалықтарға қалай қол жеткізді? Ғаламторсыз «тірі» ақпарат іздеудің жолы қандай болатыны туралы танымал британдық журналист, ВВС-дің бұрынғы продюссері Марк Григорянның кеңесін назарларыңызға ұсынамыз.

... Читать дальше »

Просмотров: 385 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 31/01/2020 | Комментарии (0)