09:09 Абай айнасы - рухани кемелдену | |||
ЖАРАТУШЫ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ Әлбетте, Құдайды көру үшін соған лайық рухани көз болу керек екенін білеміз. Ал ол кімде бар? Бұл фәни өмірді ықпалында жүргендердің көздері шелмен жабылып, жүректері қарайған. Оларға мынадай төрт кемшілік тән. Біріншісі, адам баласы қателік жіберуге бейім. Тіпті таңдаулы, ұлы деген адамдардың өздері қателікке ұрынып жатады. Себебі ол өзінің ақыл-есіне сүйенеді. Ал адамның ақылы, Абай айтқандай, шектеулі. Екіншісі, адамның жанын тәні билеп кеткендіктен, өзін тәнге балап, түпі нұсқасының жа екенін ұмытуы. Бұл оның өмір мақсатына, іс-әрекет, мінез-құлық, тіпті бүкіл болмысна кері әсер етеді. Оның бүкіл өмірінің мән-мәнісі осыған байланысты. Үшіншісі, алдауға бейімділік. Себебі Абсолюттік ақиқатты білмегендіктен, өзіміздің бұрыстығымызды түсінбей қаламыз. Бір сөзбен айтқанда, Абай жетінші қара сөзінде жазғандай: «Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз». Өзімізді орынсыз білімді санаудың салдары осындай. Төртіншісі, біздің сезімдеріміз шектеулі. Айталық, қараңғы түссе біз Құдай түгілі өзіміздің көз алдымыздағыны да көре алмай қаламыз. Бұл тұрғыдан қарағанда бізден кейбір хайуанаттар артық. Қараңғыда адамның көру қабілетінен мысықтың көру қабілеті артық. Иттің иісті сезу, есту қабілеттері, бүркіттің көру қабілеті адамдікінен көп артық. Сонда осындай мардымсыз қасиеттерімізбен біз шексіз, таза рухты қалай көре аламыз? Фәни әлемнің осы төрт кемшілігінен арылудың бір-ақ жолы бар. Ол – рухани жолға түсу арқылы бақи әлемге өту. Рухани жолға түскен адамның жаны тазару барысында оны тәні емес, жаны басқара бастайды. Ал жан рухани болғандықтан, білімге толық. Сонымен бірге рухани жолда жан мен Құдай арасында байланыс пайда болып, адам фәнилік барлық кемшіліктерден арылады. Абай Алла тағаланы біз Оны Өзінің білінгені арқылы ғана білетінімізді айтады. Бұл Оның әркімге ашыла бермейтінін білдіреді. Алла тағала ашылса, әркімнің рухани деңгейіне байланысты ашылады. Себебі Алла тағала – Жаратушы. Оның түрлі жан иелеріне қатынасы бірдей болмауына еркі бар. Егер адамға Алла ашылса, ол адам Аллаға деген сүйіспеншілікке жетеді. Бірақ Алланың ашылуы үшін адамның соған деген белгілі рухани деңгейі болуы керек. Ол адамға бірден берілмейді. Абай ілімі бойынша оған құлшылық жолы арқылы ғана жетуге болатынына дәлелдер жетерлік. Ал құлшылық жолына түсу үшін әуелі Алла тағалаға сенім, сонан кейін Оны білу керек. Сондықтан Абай Алла тағала жөнінде рухани білім беруге ұмтылады. Ол отыз сегізінші қара сөзінде Алла тағаланың үш аспектісін көрсетеді. Біріншісі, Алла тағаланың тұлғалық аспектісі. Абай Алла тағаланың сегіз тұлғалық қасиетін көрсетіп, оларды толығымен сипаттайды. Екіншісі, Алла тағаланың жүректегі аспектісі. Абай отыз сегізінші сөзінде Алла тағала бүкіл ғаламның ішінде, ал ғалам Алла тағаланың ішінде екенін жазады. Алла тағала ғаламның ішінде болса, онда Ол әркімнің жүрегінде де болуы керек. Үшіншісі, Оның әлемдік сипаты. Абайдың ғалам Алла тағаланың ішінде деген сөзі Жаратушының осы әлемдік сипатын білдіреді. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 12 | 1 2 » | ||||||||||
| |||||||||||
1-10 11-12 | |||||||||||