МӘҢГІЛІК АЛАУ!
Ұлы Жеңістің мерейлі жетпіс екінші көктемі қандай шуақты десеңізші! Жыл сайын майда мамырмен келетін осынау мереке-мейрам әрбіріміз үшін сондай маңызды, сондай сағынышты ғой қашанда. Майдан кешіп, жырақта жүріп, өлімнің өткір жүзінде етігімен су кешкен ата-бабаларымыз көздің қарашығындай аманат етіп тапсырған құдіретті һәм мәртебелі Ұлы Жеңістің Туы ешқашан еңкеймек, ешқашан жығылмақ.
Екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші ірі бөлігі болып табылатын Ұлы Отан соғысы бас сұқпаған ошақ-шаңырақ жоқтың қасы. Арам пиғылды фашистерді шыққан індеріне қайта тығуға өз еркімен аттанған жауынгерлер қатарында біреудің әкесі, біреудің аға-бауыры, біреудің атасы, біреудің жұбайы, біреудің қызы, біреудің келіні, біреудің анасы, біреудің баласы болды. Тылда қалған туған-туысқандардың, отандас-ағайындардың тыныш өмірі үшін, жау қолында қалып, азаттықты аңсаған елді мекендерді азат ету үшін жанын пида еткен сұрапыл соғыстың құ
...
Читать дальше »
Просмотров:
3491
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
02/05/2017
|
|
ХИУАЗ ДОСПАНОВА
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді.
Әлия, Мәншүк, Хиуаз… Сұрапыл соғыс жылдары етік киген ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған осындай қаракөз қазақ қыздарының батылдығын, батырлығын әсірелеп, әспеттеудің қажеті де жоқ шығар… Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.
Хиуаз Астраханьдағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезі
...
Читать дальше »
Просмотров:
754
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
02/05/2017
|
|
САБЫР РАҚЫМОВ
Рақымов Сабыр Омарұлы (1902 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Көкбел ауылында туған — 26.3.1945 жылы, Польша, Данциг (қазіргі Гданьск қаласы), сүйегі Ташкенттегі бауырластар зиратына жерленген) — әскери қайраткер, генерал-майор (1943), Кеңес Одағының Батыры (1965). Әкесі ерте қайтыс болып, жас қалған Рақымовты шешесі (өзбек қызы) Өзбекстанға алып кеткен. 1922 жылы әскер қатарына шақырылған. Бакудегі әскери училищені бітірісімен (1925), Самарқанд қаласындағы атты әскерлер дивизиясында взвод, эскадрон командирі болды. 1925-27 ж.ж. Орта Азияда (Қарақұмда) Кеңес өкіметіне қарсы шыққандармен қарсы күрестегі ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталған (1927).
1941 жылға дейін түрлі әскери
...
Читать дальше »
Просмотров:
781
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
02/05/2017
|
|
РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ
Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында жасаған ерлігі баршаға аян. Ол алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне Қызыл Туды тікті.
Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберілді. Өзінің өмірі және ФЗУ туралы Қошқарбаев өзі жазған «Штурм» деген кітабында жан-жақты баяндады. Оның балалық шағы туысқансыз һәм жанашырлық білдіретін адамдарсыз өтті. Оған ан
...
Читать дальше »
Просмотров:
749
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
02/05/2017
|
|
БАҚТЫОРАЗ БЕЙСЕКБАЕВ
Жиырма бір жасында Отан үшін жанын қиған жас қаһарман Бақтыораз Бейсекбаевтың есімі кешеге дейін естілмеген еді. Соғыстың бесінші күні жау танкілерінің легіне ұшағын арнайы бұрып құлаған Гастеллоның ерлігін көкірегімізге тоқып өстік. Жарты ғасыр өткенде жағдайдың басқаша болғанына көзіміз жетіп отыр.
Оқиғаның жалпы сарыны былай: 1941 жылдың 26 маусымында Смоленск маңындағы Боровское аэродромынан 42-ші алыстан бомбалаушы әуе дивизиясының 207-ші полкінің алғашқы күнгі қиян-кескі ұрыстан аман қалған ұшақтарының бәрі қайтадан аспанға көтеріледі. Бұл ұшудың барысында Минскіден батысқа қарай 40 шақырым жердегі Радошковичи поселкесінің аймағында немістің танк колоннасын аяусыз бомбалау жүктеледі. Көктегі гүр
...
Читать дальше »
Просмотров:
811
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
02/05/2017
|
|
АСЫЛ СӨЗ МЕКТЕБІ
Мемлекеттік тіл мәртебесіндегі қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, дамыту һәм өркендету жолында атқарылып жатқан іс-шаралар орын-орындарда аз емес. Осынау игі істерді өткізудің әдіс-тәсілдері де алуан-алуан. Ал соларға қатысып жүрген жандардың белсенділігі өз алдына бір төбе. Сондай аяның бірі һәм бірегейі – «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы.
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Президентімен қабылданған Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасына және «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мем
...
Читать дальше »
Просмотров:
779
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
02/05/2017
|
| |