ҚАЗАҚЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫП
Әлбетте, халық психологиясында көңіл аударарлық түрлі жайттар көп кездеседі. Соның ішінде кей сезімді, іс-әрекетті сөзбен айтпай-ақ ыммен, ишарамен, қимылмен, еппен сездіретін түрлі қызықты әрі сесті ұғымдар бар. Әдет-ғұрып дейтініміз сондықтан. Осынау әдет-ғұрыптар арқылы адамдар келісу, ашу-ыза, жеңілу, қайғыру, ұялу, тағы басқа сол сияқты көңіл-күй сезімдерін білдіріп отырады.
Зерделесек, әдет туралы түсінік әр адамда немесе әр жерде түрліше. Біреулер «түсте ұйықтау әдетім еді», «тамақты ыстықтау ішетін әдетім еді», «ерте тұратын әдетім еді» дейді. Бұл әдет деп айтылғанымен белгілі бір жайға, жағдайға қалыптасу деген сөз. Демек, әдет-ғұрып халық тәжірибесінде адамның белгілі бір істі, ұғымды, көңіл-күйін білдіретін іс-қимыл көрінісі деп қараған жөн болар еді.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері һәм әдет-ғұрыптары зерттеліп, жиналып, қаралып, көпшілік оларға наз
...
Читать дальше »
Просмотров:
744
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
15/03/2017
|
|
ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ
Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтұма, Бозан бойларында туып өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.
Қазтуған жырау жорық жыршылары һәм халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухына, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен бізге жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзия жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын с
...
Читать дальше »
Просмотров:
578
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
15/03/2017
|
|
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ
Доспамбет жырау (1490–1523) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай
...
Читать дальше »
Просмотров:
540
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
15/03/2017
|
|
АСАН ҚАЙҒЫ
Асан Қайғы – жырау, ойшыл, абыз. Асан Қайғы шамамен XIV ғасырдың аяғында дүниеге келіп, XV ғасырдың ортасында Сарыарқадағы Ұлытауда дүниеден озған. Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген делінген. Ал бір деректерде әкесі Сәбит Арал өңіріндегі Сырдария жағасын қоныс еткен саятшы дейді. Асан Алтын Орданың ықпалды билерінің бірі болған. Алтын Орда ыдыраған кезде Дешті Қыпшаққа қайтып оралады. Қазақ Ордасын құрған Керей хан һәм Жәнібек хандардың ақылшы биі болған.
Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. Ол өзінің толғауларында хандықты нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттайды. Асан Қайғы
...
Читать дальше »
Просмотров:
501
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
15/03/2017
|
|
АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ
Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген жерде қайтыс болған. Жорық жырауы, әскербасы, қоғам қайраткері.
Қазақ халқы басынан кешірген ұлы күйзелістер кезінде өмір сүрген Ақтамберді 17 жасынан бастап қалмақтармен, Орта Азия билеушілерімен болған шайқастарға қатысады. Бұл соғыстарда ол батылдығымен ерекшеленеді, кейінірек әскербасылық қабілетімен де көзе түседі. Талай-талай ұрыстарда ысылып, батыр атанған Ақтамберді жырау тарихқа «Ұлы апат жылдары» болып енген оқиғалардың ішінде жүрді. Жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі болды.
...
Читать дальше »
Просмотров:
594
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
15/03/2017
|
| |