НАУРЫЗНАМА

Әлқисса, Наурыз – Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын Шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Шығыстық данышпандар Махмұт Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Ә.Фирдоуси, Ә.Науаи, О.Һаямнан бастап қазақтың Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сәкен сынды ғұламалары да Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, жақсы сөздер жазып қалдырған. Наурыз Шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Наурыздың айрықша тәлім- ... Читать дальше »

Просмотров: 718 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/03/2017 | Комментарии (0)