ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІК
Күннің нұрымен жаймашуақтанған Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқақтаған мерекелік күні Бесқарағай ауылында бірнеше тағылымдық-тәрбиелік іс-шара жүзеге асырылды.
Орталық көшеге жиналған мектеп оқушылары, мұғалімдер, ауыл тұғындары қолдарына Ұлы Отан соғысына қатысқан бесқарағайлықтардың аты-жөні һәм туған жылы жазылған, сонымен қатар фотосуреті бар қолдан жасалған планшеттерді жоғары ұстап, осымен екінші мәрте «Мәңгілік полк» игі акциясына қатысты. Ұзағынан созылған шеру сол бетімен Ұлы Отан соғысына қатысқан бесқарағайлық жауынгерлер рухына арналып тұрғызылған Даңқ орнына беттеді. Ауыл тұрғыдарымен қатар осынау қасиетті орынға алыс-жақыннан арнайы келген қонақ-меймандар да мейілінше жиналды.
Биылғы жылы күрделі жөндеуден өткен Даңқ орны қазір көзге тартымды кейіпте. Соғысқа қатысқан Бесқарағай ауылының жауынгерлерінің есімдері қашалған мәрмәр тас жаңартылып, ондағы есімдер тола түсті. Жаңа төсем
...
Читать дальше »