ЖЕТПІС ЖЫЛДЫҚТЫҢ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Дүние жүзі тарихындағы Екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші кезеңі саналатын 1941-1945 жылдар аралығын қамтыған Ұлы Отан соғысы Жеңісіне жетпіс жыл толып отыр биыл. Ірілі-шағын елді мекендерде осынау мерейлі мерекеге деген ынта-назар ерекше қазір. Тәрбиелік-тағылымдық маңызы зор шаралар ұйымдастырылуда. Өскелең ұрпаққа Жеңіске жету арқылы Бейбітшілікті аманат еткен соғыс ардагерлеріне һәм тыл ардагерлеріне деген құрмет-қошемет те асқарлануда.

Күні кеше Бесқарағай ауылына арнайы сапармен Лебяжі ауданы әкімі С.Жанғазинов, аудандық мәслихат хатшысы Қ.Әлтаев, аудан прокуроры Р.Есенов, аудан әкімі аппаратының меңгерушісі Р.Тастамбеков күркіреп күндей өткен сұм соғыстың көзі тірі куәгері болып, ортамызда отырған соғыс ардагері, құрметті ақсақал Қаблен Қасеновтің киелі шаңырағының босағасын аттады. Осынау сапардың басты себебі – Қаблен ақсақалға Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жы ... Читать дальше »

Просмотров: 902 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/05/2015 | Комментарии (0)

НАЦИСТЕРДІҢ ЗҰЛЫМДЫҚТАРЫ

 Гитлерліктердің Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жасаған зұлым әрекеттерінің тізімі тым ұзақ. Сондай типтік оқиғаның бірі 1944 жылы маусымда француздық Орадур-сюр-Глан елді мекенінде жаппай өлтіру түрінде орын алған. Мұны Қарсылық көрсету қозғалысы операциясына қарымта ретінде СС[i]-тің екінші танк дивизиясының жауынгерлері ұйымдастырады. Немістер барлық тұрғындарды ауыл шіркеуі мен қамбаға айдап тығып, өрт қояды. Қашып шықпақ болғандар атылды, өрттен тек аз ғана адам шыға алған. Сосын немістер деревняны тонап, өртеп жібереді. Қазір ол жерде мемориал орналасқан. 1942 жылы чехиялық Лидице деревнясы өртеледі. Бұл оқиға кезінде Р.Гейдрихтің өлімі үшін кек қайтару ретінде 198 ер адам атылса, 293 әйел балаларымен айдап әкетілді немесе қамауға алынды. КСРО мен Грекияда деревняларады өртеу қарсылық оқиғаларынан кейін кек қайтару тәсіліне айналды. 1945 жылы наурыз а ... Читать дальше »

Просмотров: 1238 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/05/2015 | Комментарии (0)

 ЕРЖҮРЕК ҚАБДУДЫҢ МАЙДАНДАҒЫ ЖОЛЫ

Жетпіс жылдық мерейге толып отырған Жеңіске майдандағы ержүректілігімен сүбелі үлес қосқан Бесқарағай ауылынан сұрапыл қатысқан тұлғалардың бірі – Тустуков Қабду. Марқұмның өнеге болар өмір жолы хақында әңгіме өрбітуді немерелік парыз санадым.

1918 жылғы 10 қазанда Май ауданы «Қазақстан» ұжымшарында дүниеге келген Абылдың Қабдуы ес білгелі ұжымшар жұмысына белсене араласып, 1939 жылы Отан алдындағы азаматтық борышын атқаруға Қызыл Армияның қатарына шақырылған екен. 1939 жылдың маусым айынан 1941 жылдың ішіне дейін 864-артиллерияның полкінде атқыштар дивизиясында болған. Ұлы Отан соғысы басталысымен өз еркімен майданға аттанды да, өзге жауынгерлердей Отанды опасыз жаулардан қорғау жолында ерен ержүректілік танытуға кірісті.

1941 жылдың маусым айынан 1943 жылға дейін 454-зениттік артиллерия полкінің пулеметшісі, ал 1943-1944 ж.ж. 1338-артиллерия полкінде болды. 1944-1945 ж ... Читать дальше »

Просмотров: 646 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/05/2015 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА КҮШПЕН ҚОНЫС АУДАРЫЛҒАН ҰЛТТАР

Кеңес халқы ортақ Жеңіс үшін батырлық пен ерліктің үлгілерін көрсетіп жатқан уақытта сталиндік қылмыскер топ өз халқына геноцидін жалғастыра берді. «Халық жауларын» жоюмен қанағаттанып қана қоймай, ол тұтас этникалық қауымдастықтарды өздерінің туған жерлерінен күшпен қоныс аударып, террорлық әдістер қолдануға көшті. Күштеп жер аударудың алғашқы құрбандықтарының бірі — Қиыр Шығыстағы кеңестік корейлер. 1937 жылы Қазақстанға бұл этностың 100 мыңдай өкілі қоныс аударылды. 1941- 1942 жылдары республикаға 408 мың неміс депортацияланды. 1943-1944 жылдары ешбір дәлелсіз басқыншыларға дем берді деп айыпталған Солтүстік Кавказ халқы да жер аударылды. Олардың ішінде Қазақстанға депортациялауға қарашайлар — 45,5 мың адам, бал ... Читать дальше »

Просмотров: 947 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/05/2015 | Комментарии (0)

ҰРПАҚТАРДЫ САБАҚТАСТЫРҒАН СОҒЫС

Осыдан жетпіс жыл бұрын Жеңіспен тәмамдалған Ұлы Ота соғысы қаны бір туған-туыстардың тағдырында да айтарлықтай із қалдырды. Ұрыстар өткен қайсыбір мекендерде біреуінің атасы қару асынып, жан алысып, жан беріссе, бейбіт күнде азаматтық борышын өтеген немерелері соғыс қимылдары жүрген әскери бөлімдерде өмір мектебінен өтті. Ұрпақтарды сабақтастырған соғыстың бір тармағы хақында Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері С.Кәрімнің өз айтары бар.

Серік Садықұлы әкесінің туған ағасы Әбу Кәрімовті зор мақтанышпен еске алады. Өкінішке орай, жасындай жарыраған ол жиырма бір жасында Орел-Курск иінінде болған фашис танкілерімен жекпе-жек шайқастардың бірінде артиллерия лейтенанты шенінде ерлікпен қаза тапты.

Соғыс басталысымен-ақ өрімдей жас жігіт жастық жігерімен майданға алғашқылардың бірі болып сұраныпты. Әскери комиссариатта жолдасы Қалел екеуі тіркеліп, сұрапыл соғысқа аттаныпты ... Читать дальше »

Просмотров: 820 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/05/2015 | Комментарии (0)