ЕЖЕЛГІ – ТҰРАНСЫҢ, БҮГІНГІ – ҚЫРАНСЫҢ!

Әлбетте, Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан ғой біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Ұлт көшбасшысы һәм Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

Зерделесек, халқымызға ғасырлар бойғы, сонау Күлтегін және Кенесары хан аралығын қамтыған, арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Әлқисса, осынау мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының ... Читать дальше »

Просмотров: 796 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2014 | Комментарии (0)

ЖАЙДАРЫ ДА ЖАЙСАҢ ЖАНДАР ЕДІ

Күні кеше ғана көз алдында күлімдеп жүрген жүзі таныс жандардың қазіргі таңда енді жоқ екеніне бір түрлі сенгің келмейді екен. Амал нешік, жазмыштан озмыш жоқ тағы. Кезінде Бесқарағай ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан Аркенов Қабдолла марқұмнан тараған балалары үшін биылғы жылдың қараша айы аза һәм қазаға душар еткен қаралы айға айналды. Небәрі он күннің айналасында алдымен алпыс үш жастың үстіне шыққан Роза есімді қызы мезгілсіз көз жұмса, кейін ыңыранған дерттен төсек тартып қалған, елу тоғыз жасар Бауыржан есімді ұлы дүниеден кете барды. Осылайша әпкелі-бауырлы қос ауылдастан көз жазып қалдық.

Аркенова Роза 1951 жылдың 5 шілдесінде Бесқарағай ауылында дүниеге келді. Балалық және бойжеткендік шағы туған ауылында өтті. Жалпы орта мектепті бітіргеннен соң медбике мамандығын тәмамдап алды да құрметті демалысқа шыққанша Лебяжі ауданы орталығы Аққудағы орталық аудандық ауруханада ө ... Читать дальше »

Просмотров: 1697 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2014 | Комментарии (0)

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТАУ ТОБЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРЛІГІ

Елдігі еңселі, Егемендігі ерен һәм Тәуелсіздігі тұғырлы еліміздің ірілі-шағын елді мекендерінде, кәсіпорындарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерінде жаппай талқыға салынып жүрген Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауы бұқара көңілінен шығып, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-көпшілік беделі қарыштап артуда. Осынау маңызды стратегиялық құжатты халыққа сауатты түрде айқындау мақсатымен жер-жерлерде ақпараттық-насихаттау топтары құрылды. Аталмыш топтар өздерінің әкімшілік-аумақтық құзырына тиесілі мекендерге жұмыс сапарымен шығып, Жолдауды түсіндіру бойынша зиялы қайраткерліктерін танытуда қазіргі таңда.

Осындай топ жуырда Лебяжі ауданына қарасты Бесқарағай ауылына да келді. Оның құрамында Лебяжі аудандық мәслихаты хатшысы әрі Қызылағаш ауылдық округінен аудандық мәслихатқа халық қалаулысы болып сайланған Қ.Әлтаев, Лебяжі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруа ... Читать дальше »

Просмотров: 900 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2014 | Комментарии (0)

ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІ

Қашанда барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан – өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ, бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі.

Кезінде ғой Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы, Қазақ елінің тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентіміз, Елбасы һәм Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем-тынысымен ... Читать дальше »

Просмотров: 989 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2014 | Комментарии (0)

ҰШЫРҒАН БАПТАП ҰЯДАН

Жалғанда ғой өзіңді өмір атты биікке самғатқан ұстазыңды мақтан етіп, қадір тұтқаннан асқан абырой жоқ шығар. Бұлай деу, әсте, құр айтылған пафос емес, жеме-жемге келгенде, қарапайым адами шындық екені сөзсіз. Кей-кейде осынау құрмет-сыйластықты тауқыметтің күйбеңімен естен алыстатып аламыз.

Өзімнің де ұстаз болғаныма он тоғызыншы жылға айналып бара жатыр. «Мұғалімім» деп қараған мені қазіргі таңда шәкірттерім «мұғалім» дейді. Ал мектеп түлегі ретінде ұядан баптап ұшырған сынып жетекшімді ұмыту мүмкін емес екен. Осынау игі де аяулы жанның бірі – биылғы жылдың 25 қарашасында асқаралы алпыстың үстіне шығып отырған Гүлбадан Сейітжанқызы Қасенова.

Осыдан алпыс жыл бұрын аймағымызға қарасты Қашыр ауданының Қаратерек ауылында жарық дүние есігін ашқан Гүлбадан Сейітжанқызы 1962 жылы Ермак орта мектебінің бірінші сыныбына барды. Жалпы орта білім курсын тәмамдағаннан соң Павлодар педаго ... Читать дальше »

Просмотров: 844 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2014 | Комментарии (0)