АҚҚУЛЫ АЙМАҚТА АБАЙ АСПАНДАДЫ
Аққулы өңіріміздің төрінде дана Абайдың мүсіні болғаны – құдіреті күшті әдеби һәм рухани, адами һәм азаматтық ортамыздың толғаны. Былтыр салтанатты түрде ашылған Абай мүсіні биыл тұңғыш рет Абай оқуларын қабылдады. Импровизацияланған сахнада сөз алған әйгілі де асыл тұлғалар Ғарифолла Есім, Әділ Ахметов және басқалары қазақ әлемінің бағына жаратылған Құнанбайдың Абайын, Абайды әлем назарына танытқан Мұхтар Әуезовті әуелетті. Арысы – Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Михайловское елді мекенін, берісі – иықтасып көрші жатқан Шығыс Қазақстан облысын, өзіміздің Павлодар аймағын қамтыған Абай оқулары ұйып тыңдаған әр көрерменнің жан әлемін жадыратты ғой. Үміт артып келген әр қатысушы Абайға барын салды. Құдіреті орасан қазақ тілінің үстем-мерейі қырандайын қалықтады, сұңқардайын самғады. Ал дәстүрлі қазақ әндері, саз-әуені аққудайын сызыла айдындады. Қандай ғанибет! Қарапайым адами тұрғыдан жан дүниені азаматтық мақтаныш керней
...
Читать дальше »
Просмотров:
1707
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
12/08/2013
|
|
АТАМЕКЕН – АЛТЫН ҰЯ БЕСІГІМ
Дәл осындай айдарды ту еткен әдеби шара жуырда аймақ орталығы Павлодардағы «Шаңырақ» көркемөнер орталығында өткізілді. Оған мұрындық болған Моңғолия һәм Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, жазушы, драматург, тілші, қоғам қайраткері Ақын Алақанұлы осы күндері мерейлі жетпіс жастың шыңына шығып отыр екен. Өзіне ғана тән көркем-әдеби өрнегі бар осынау тұлғаның мерейтойлық шығармашылық кешінен ұмытылмастай әсер алдым шынында. Осыдан жиырма бір жыл бұрын ата-баба мекенін сағынып келген Ақын аға сияқты атамекен қадірін әспеттеу қандай рухани ғанибет десеңізші! Қазақы дәстүрмен өрнектелген сахнадағы кең баннерде қаламгердің мына шумағы: Атамекен, саған деген бір сезім бар лаулаған, Талай жылдар мазамды алған, жүрегімді жаулаған. Сол бір сезім өлең болып көкірегімнің түбінен, Бұдан бұрын дәл осылай нөсер болып жаумаған, - Осынау қасиетті ұғымды қысқа да нұсқа түрде аспандатып тұрған жоқ па артық рет. Қаламгердің мерейін тамаш
...
Читать дальше »
Просмотров:
1024
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
12/08/2013
|
|
ТАРИХИ ШЫНДЫҚ АЙНАСЫ – «АБАЙ ЖОЛЫ» ДӘУІРНАМАСЫ
Әлбетте, Құнанбайдың Абайы – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған, ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократияшыл озат ойларды берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізді, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс. Абайды тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынын аса алмаған кездер болды. Енді заман өзгерген шақта азат елдің азат ойымен, азат жүрегімен, азат зердесімен Абайды тануға тиіспіз. Оның өмірі мен еңбегі Мұхтар Әуезовтың шығармашылығында үлкен орын алған тақырып. Жазушының Абай өмірі мен шығармашылығына ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу жо
...
Читать дальше »
Просмотров:
2496
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
12/08/2013
|
| |