16:59
Әдеби қазына
АТАМЕКЕН – АЛТЫН ҰЯ БЕСІГІМ
Дәл осындай айдарды ту еткен әдеби шара жуырда аймақ орталығы Павлодардағы «Шаңырақ» көркемөнер орталығында өткізілді. Оған мұрындық болған Моңғолия һәм Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, жазушы, драматург, тілші, қоғам қайраткері Ақын Алақанұлы осы күндері мерейлі жетпіс жастың шыңына шығып отыр екен. Өзіне ғана тән көркем-әдеби өрнегі бар осынау тұлғаның мерейтойлық шығармашылық кешінен ұмытылмастай әсер алдым шынында. Осыдан жиырма бір жыл бұрын ата-баба мекенін сағынып келген Ақын аға сияқты атамекен қадірін әспеттеу қандай рухани ғанибет десеңізші! Қазақы дәстүрмен өрнектелген сахнадағы кең баннерде қаламгердің мына шумағы: Атамекен, саған деген бір сезім бар лаулаған, Талай жылдар мазамды алған, жүрегімді жаулаған. Сол бір сезім өлең болып көкірегімнің түбінен, Бұдан бұрын дәл осылай нөсер болып жаумаған, - Осынау қасиетті ұғымды қысқа да нұсқа түрде аспандатып тұрған жоқ па артық рет. Қаламгердің мерейін тамашалауға мейілінше жиналған көрермендер қатарында отырған маған үлгі аларлық рухани қуат берді бұл кеш. Әсіресе Ақын ағамыздың туған жер тақырыбын қамтыған өлеңдерін сахнада оқығанда, сонымен қатар «Қарасай мен Қызылсай» хикаятынан үзіндіні Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының әртістері сахналағанда жайбарақан отыру қайда! Бір жақсысы, осынау кең де жарық сахнада ризашылығын білдірген Ақын Алақанұлының Лебяжі ауданын, Қызылағаш ауылдық округін, Бесқарағай ауылын ерекше мақтанышпен жар еткені! Бірнеше жинақтардың авторына көрсетілген сый-сияпат қай қырынан да жарасымды. ШАҺМАНТЕГІ Бегімхан
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 1024 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: