17:58 Әдеби қазына | |
АҚҚУЛЫ АЙМАҚТА АБАЙ АСПАНДАДЫ
Аққулы өңіріміздің төрінде дана Абайдың мүсіні болғаны – құдіреті күшті әдеби һәм рухани, адами һәм азаматтық ортамыздың толғаны. Былтыр салтанатты түрде ашылған Абай мүсіні биыл тұңғыш рет Абай оқуларын қабылдады. Импровизацияланған сахнада сөз алған әйгілі де асыл тұлғалар Ғарифолла Есім, Әділ Ахметов және басқалары қазақ әлемінің бағына жаратылған Құнанбайдың Абайын, Абайды әлем назарына танытқан Мұхтар Әуезовті әуелетті. Арысы – Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Михайловское елді мекенін, берісі – иықтасып көрші жатқан Шығыс Қазақстан облысын, өзіміздің Павлодар аймағын қамтыған Абай оқулары ұйып тыңдаған әр көрерменнің жан әлемін жадыратты ғой. Үміт артып келген әр қатысушы Абайға барын салды. Құдіреті орасан қазақ тілінің үстем-мерейі қырандайын қалықтады, сұңқардайын самғады. Ал дәстүрлі қазақ әндері, саз-әуені аққудайын сызыла айдындады. Қандай ғанибет! Қарапайым адами тұрғыдан жан дүниені азаматтық мақтаныш кернейді. Осынау қоғами, әдеби әдемілікті шынайы рухани жанашырлықпен аққулықтарға тарту еткен елдің елеулі, халықтың қалаулы қайраткерлеріне риясыз ризашылықты нұрдай жауғызғын келеді, жауғызғын келеді!
ШАҺМАНТЕГІ Бегімхан
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
| |
|
Всего комментариев: 2 | |||
| |||