ҰБТ-ға дайындық үшін жасалатын ароматерапия.
18-19 ғасырларда Еуропаның студенттері үнемі розмарин бұтағын ілгекпен тағып алып жүрді, оның иісі емтихан алдындағы стрессті басып, жұмысқа қабілетті және есте сақтауды жақсартты, сондықтан да оқып жүрген жастардың бойтұмары саналды. Жұмысқа қабілеттілік пен көңіл-күйді басқаратын иісі бар 300-дей эфир майы белгілі. ҰБТ емтихандарына дайындық кезінде райхан, лавр, розмаринді иіскеуге болады. Бұл жұпар иісті майлар мидың жұмысын жақсартып, ынталандыру үшін қолданады. Кез келген майдың бірнеше тамшысын (өзіңіздің қалауыңыз бойынша бірнеше жұпариісті майларды қосып қоспа істеуіңізге болады) ыстық су құйылған тарелкеге тамызыңыз, осыдан кейін әртүрлі тапсырмалар мен сұрақтарды шешу үшін сізде мидың белсенді қызметі басталғандай болады. Осы өсімдіктердің құрамына кіретін эфир майы қабылдауды, ойлау концентрациясы мен айқындығын қалыпқа келтіруге қабілетті. Ой өнімділігін күшейту, ұзақ шаршағандықты жоюда
...
Читать дальше »
Просмотров:
923
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
05/03/2012
|
|
Көзге арналған гимнастика Компьютерден қолыңызды босатып, көзіңізге гимнастика жасаңыз. Статистикаға сүйенсек, жер шарында әрбір үшінші адамның көзі нашар көреді екен. Егер сіздің көз жанарыңызда кінарат болса(алыстан көрмеу немесе қыли көз, астигматизм) және сіз мұндай жағдайға көнгіңіз келмесе, біліп қойыңыз – бәрі сіздің қолыңызда. Бірақ мынаны ескеріңіз, көзіңіз жәймен, бірте-бірте бұзыла бастағаны сияқты, оның қалыпқа келуі де ақырын жүреді. Біз сіздің көзіңіз- дің қалыпқа келуін хирургиялық, лазерлік немесе коррекциялық жолдармен емес, шынайы жолмен емделуін сөз етіп отырмыз. Көзіңіздің нашарлауына, сіз бір-ақ жыл жұмыс істеген жоқсыз. Көзіңіздің жөнделуіне дәрігер емес, сіз табандылықпен жұмыс істеуіңіз керек. Денсаулық болу үшін еңбек сіңіру керек. Жаттығулар, көзді күнделікті дағдыландыру да көз ауруларын алдын ала емдеуге, көруді жақсарту үшін маңызды. Көзге дұрыс жаттығуларды жасау үшін, біздің көзіміз қалай орналасқанын есімізге түсіріп
...
Читать дальше »
Просмотров:
1690
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
05/03/2012
|
|
* 3 наурызда 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен мектеп алдында әрі таза ауада әскери-патриоттық "Зарница" ойыны өткізілді. Оқушылар өздерін шағын калибрлі пневматикалық винтовкадан нысанаға атудан, белгіленген аумақта миналарды табудан, қызыл туға талас-тартыста өздерін жекелей де, топтасып та сынады.
Просмотров:
952
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
05/03/2012
|
|
Ми жарты шарын дамыту емтиханның нәтижелеріне ықпал етеді
Адам миы оң және сол екі жартышардан тұрады. Екі жартышары да ойлау қызметінде маңызды, әрқайсысы өз функцияларын атқарады. Бірақ та көп адамдарда белгілі бір жартышары ғана басымдық көрсетеді Бұл ұйымдастыру жүйесінің ерекшеліктерімен байланысты; кең көлемде жартышардың бөлігін жаттықтыру. Бала дүниеге келісімен тең дәрежеде (үйлесімді) мидың әр түрлі бөлшегінде салынған мүмкіндіктерді пайдаланады. Артынша, қазіргі оқу орындарының бір бағыттылығының арқасында, бір жартышары жоғары шығады. Мысалы, математикалық мектептерде шығармашылық ойлауды аз дамытады, десек те математика – ең творчестволық ғылым. Ал музыка мектептерінде немесе консерваторияларда логикалық ойлауды сирек жаттықтырады. Нәтижесінде көп адамдардың тек бір жартышары ғана дамыған. Төменде келтірілген жаттығуларды қолдана отырып, ойлау сапасына сөзсіз әсері бар, үйлесіммен оң және сол жақ жартышарын да қатыстыра отырып ойлау, не
...
Читать дальше »
Просмотров:
958
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
05/03/2012
|
|
* 2 наурызда аудан орталығындағы Мәдениет үйінде жас жүргізушілер арасында аудандық байқау өткізілді. Бұған біздің мектептен 11 сынып оқушысы Қасымова Әлия қатысып, белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Ал Әлияға сахнада өзін еркін ұстау үшін 10 сынып оқушылары Жоламанов Рамазан мен Ерсайынов Нариман көмектесті.
Просмотров:
862
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
05/03/2012
|
|
Емтиханды жақсы тапсыру үшін қандай тамақ ішеміз?
Сен тамаққа тұтынып жүрген азық-түліктер- барлығы тікелей ағзамыздың биохимиялық процесіне, сонымен қатар миға қызмет етеді. Басқа мүшелерге қарағанда адам миы энергияны көп қажет етеді, сондықтан да тамақтану тәртібі бұзылса ол біздің ойлау қабілетімізге және есте сақтау қызметіне әсер етеді. Ми жақсы жұмыс істеу үшін, келесі ережеге сүйен: 1. Күнделікті ертеңгі тамақты ішіп жүр. Ғалымдар мынаны анықтаған: тез шаршап, мазасызданатын, есте сақтау мен ойлау қабілетінің нашарлығына шағымданатын адамдар ешқашан таңертеңгі асты ішпеген екен. 2. Сапасы мен құнарлылығына әр түрлісін қос: тамақта майлар,белоктар, углеводтар үйлесімі болуы керек. 3. Суды көп іш. 4. Тұзды тұтынуды азайт. 5. Кофені пайдалануды азайт. Есте сақтау мен ойлауды жақсарту үшін таңғы астың үлгілері: Дүйсенбі: Сүт қосылған бір тәрелке ботқа, апельсин немесе бір стакан апельсин шырыны. Сейсенбі: Сүт қосы
...
Читать дальше »
Просмотров:
841
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
05/03/2012
|
|
* 2 наурызда 2008 жылдың тамыз айынан бастап мектебімізде директор қызметін атқарған Шакиров Е.А. ұжыммен қош айтысып, Лебяжі ЖОББ мектебіне директор болып ауысты. АББ бастығы Еркінов Е.Е. ұжым алдындабұл хабарды айта отырып, жасаған еңбегіне рахметін жаудырды. Сол күні һәм сол сәтте Бесқарағай ЖОББ мектебі директоры қызметі міндетін атқарушы болып МДИІО Белгібаева А.М. тағайындалды.
Просмотров:
990
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
05/03/2012
|
|
Емтиханда миды қалай ояту керек
Кез келген ақыл-оймен істейтін жұмысты бастау үшін, жекелей алғанда емтихан тапсырмаларын орындау үшін жаттығу қажет. Миға жаттығу – спортзалда денеміздің бұлшық еттеріне жасаған жаттығумен бірдей. Үлкен жаттығуларды бірден бастап кетуге болмайды, бұлшық еттерге зақым келуі мүмкін. Сергіту "Ауызша санақ"
Емтиханда "Ауызша санақ" сергітуін жүргізу ыңғайлы. Оймен 50-ден 1-ге дейін санап шық. Егер мұндай сергіту саған тым қарапайым көрінсе, онда 50-ден 3-тен (50,47, 44 және т.б.) ал. Санақ жылдамдық реакциясын өсіруде, демек, біздің ойымызды да өсіреді.
Просмотров:
809
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
05/03/2012
|
|
* 1 наурызда аудано рталығы Аққудағы Мәдениет үйінде аудан әкімі Құрманова А.А. қатысуымен ҰБТ-2012 бойынша ауданға қарасты мектептердегі 11 сыныптар оқушылары, олардың ата-аналары, пән мұғалімдері, мектептер директорлары мен оқу ісі меңгерушілері, АББ мамандарының қатысуымен кешенді жиналыс өткізілді. Онда биылғы ҰБТ бойынша өзгертулер, пәндер бойынша дайындықтың тиімді әдіс-амалдары хақында баяндамалар тыңдалса, 11 сынып оқушыларының, ата-аналардың тілек-өтініштері сүзгіденбір өткізілді. Жиналыс соңында аудан әкімі атаулы тақырып төңірегінде ой-пікірлерді бір қорытындылады. Мінберде біздің мектептен физика мұғалімі Берден Ш. сөз алды.
Просмотров:
818
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
05/03/2012
|
| |