10:20
Тұлғалану толқындарында

ӨЗІҢНІҢ ӘЛСІЗ ТҰСТАРЫҢДЫ АНЫҚТА!

Жайбарақат уақытта өзін жақсы сезініп, жұмысын тыңғылықты жасайтын менеджер дедлайн (тапсырманың орындалуға тиіс соңғы мерзімі) жағдайында өзін жайсыз сезінеді, күйгелектеніп, қателікке ұрынады. Өзінің осындай әлсіздігін білген адам мұның алдын алу үшін жұмысты соңғы күнге қалдырмай үлгеруі қажет.

Енеңіз туысқандарыңыз жайлы қалай болса солай сөйлеуі көңіліңізді түсіреді делік. Егер енеңіз сені тыңдап, айтақныңнан қорытынды шығаратындай кісі болса, саған ұнамайтын әрекетін оған ыңғайлы сәтте, дұрыс сөздермен түсіндіруге тырысыңыз. Мысалы, «Сіз сынаған адамдар сөзіңізді естіп тұрмағандықтан, сыныңыздан оларға пайда жоқ. Ал ол кісілер маған қатысы бар болғандықтан, менің көңілім түсіп, өзімді ыңғайсыз сезінемін. Сондықтан мұндай әңгімені менің жанымда емес, тікелей өздеріне айтқаныңыз жөн», - теп өтінуге болады. Ал егер айтқаныңды мүлде қабылдамайтын, тіпті сол үшін шу шығарып, жағдайды одан әрі ушықтыратын адам болса, айналып өтуден басқа жол жоқ. Ол үшін енеңіздің көңіліңізді түсіретін сөздеріне мән бермеуді үйреніңіз. Естісеңіз де, мән бермеңіз. «Үлкен кісі ғой» деп кішірейе салыңыз. Тігісін жатқызып, әңгіменің ауанын басқа жаққа бұрып жіберіңіз. Бүгінде көп отбасының шаңырағы шайқалуына себеп, келін енесінің қатесін түзеуге тырысуынан, міндетті түрде жауап беруге, өзінің дұрыстығын дәлелдеуге әрекет етуінен туындауда. Нәтижесінде, күйеуі әйелі мен анасының ортасында қалып, біреуін таңдауына тура келеді.

Қарсы келе жатқан көліктен қашқаның секілді жағымсыз эмоцияның алдын алу үшін оны тудыратын жағдайлардан қашқан дұрыс. Өткенде бір журналист қыз хабарласып, өмірінде үш рет көрген отбасылы бір азаматқа ғашық болып қалғандығын, бір сәт есінен кетпей, ұйқысы бұзылғандығын жеткізді. «Ұзақ уақыт көрмесем ұмытқандай боламын да, кедестіріп қалсам, оған деген сезімім қайта оянып кетеді», - деп басындағы жағдайын айтты.

Қыздың сөзін асықпай тыңдады. Оған айтқан ақыл-кеңесі шамамен мынадай болды: «Біріншіден, жақыннан танымайтын адамға деген ғашықтық сезім – ақыл әлі құптап үлгермеген жалаң эмоция. Ал мұндай сезім алдамшы келеді. Өйткені мінсіз адам болмайды. Ал мінін байқағанда, отбасылы еркекті ес кетердей құлай сүюдің оырнсыз екенін білер едіңіз. Екіншіден, «Ол есік сізге жабық», - дегенімде, «Иә, отбасылы азаматтың шаңырағын шайқалтуға, онымен бірге болуға ниетім жоқ», - деді. Олац болса, «ғашықтық» сезіміңіз сізді әуреге салып, басыңызды ауыртқаннан өзге еш пайдасы жоқ. Сондықтан сіздің көңіл-күйіңізге кері әсер ететін жағымсыз эмоцияны тудыратын барлық аккаунттарын өзіңіз үшін блоктаңыз. Телефон нөміріңізді ауыстырыңыз. Онымен кездесіп қалу мүмкін деген жерлерге бармауға тырысыңыз» деді. Сөздерін мұқият тыңдағаннан кейін айтылғандарды міндетті түрде жасайтынын айтып, уәдесін берді. Кейіннен бір хабарласқанында, «Сіздің айтқан әрбір сөзіңізді күнделігіме түртіп қойдым, кеңесіңіз өте пайдалы болды. Мазалаған алдамшы эмоциядан толық құтылдым», - деп алғысын жеткізді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 26 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: